Архивтегі фото

Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

542
(Жаңартылды 17:51 19.06.2020)
Ресей басшысы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы да тезірек сауығып кетуін тіледі 

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.

"Телефон арқылы сөйлесу барысында Владимир Путин коронавирус індетіне шалдыққан Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебіз білдіріп, шын жүректен тезірек сауығып кетуін тіледі", - делінген Кремль сайтында.

Бұған дейін Владимир Путин Назарбаевқа жеделхат жолдап, қолдау білдірген еді.

"Осы бір қиын сәтте Сізге шын жүректен қолдау білдіргім келеді. Сіздің ерекше өмірлік қуатыңыз, сергек рухыңыз бен оптимизм Сізге вирусты қысқа мерзімде жеңуге көмектесетініне сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Ресей премьері Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі 

Еске сала кетейік, 18 маусымда Қазақстанның тұңғыш президенті коронавирус індетіне шалдыққаны белгілі болды. Баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың айтуынша, үрей мен мазасыздануға себеп жоқ. Ол Елбасы қарым-қатынастың заманауи түрін пайдаланып, қашықтан жұмыс істеуді жалғастырып жатқанын атап өтті.

542
Кілт сөздер:
коронавирус, Владимир Путин, Назарбаев
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1659)
Тақырып бойынша
Путин Назарбаевқа жеделхат жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығына қатысты ақпарат жарияланды
Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды
Назарбаев коронавирус жұқтырды: Елбасының кімдермен кездескені белгілі болды
"Өкінішпен естідім": Түркия президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады
Банк карталары

Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады министрлік ақпарат берді

5
Алаяқтар алдын ала төлемді, тіпті, ақшаның жартысын аударып беруді сұрайды. Төлем жасалғаннан кейін бөтен адамдардың атына ашылған есепшоттар арқылы ақша ұрланады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Бүгінде халықты интернет арқылы алдайтын алаяқтар көбейді. Ішкі істер министрілігі осы алаяқтықтың кеңінен таралған түрлері туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбековтың айтуынша, интернет-алаяқтықтықтың кеңінен тараған түрі – жарнама сайттары арқылы алдау. Тауар немесе қызметке қатысты хабарландыру жарияланып, төмен бағалар қойылады. Оған сенген адамдар өз ақшасын бірден аудара салады. 

"Алаяқтар алдын ала төлемді, тіпті, ақшаның жартысын аударып беруді сұрайды. Төлем жасалғаннан кейін бөтен адамдардың атына ашылған есепшоттар арқылы ақша ұрланады. Бірақ оны білдіртпей істейді. Алаяқтар алдымен уақыт созып, тауардың келе жатқанын, я болмаса, басқа елде кідіріп қалғанын айтады. Артынан телефонын өшіріп тастайды", - деді Омарбеков апталық онлайн брифингте.

Жақында осы сияқиы алаяқтық жасаған топ ұсталды. Олар дәл сондай жолмен автобөлшектерді сатып, ондаған адамды алдап кеткен. 

"Жарнама сайттары арқылы жасалатын тағы бір алаяқтық бар. Ондайда алаяқ хабарландыруды орналастырған адамға хабарласады да, тауардың алдын ала төлемін жасап береміз дейді. Бірақ ол үшін жарнама берушінің жеке мәліметтері керек деп айтады. Сөйтіп, барлық жеке мәліметін сұрап алады. Аңқау адамдар ақшаны тезірек аламыз деп, бәрін айтып қояды. Артынан өз атына кредиттің қалай рәсімделгенін білмей қалады", - деп атап көрсетті Омарбеков.

Банк қызметкері ретінде адамдарға қоңырау шалатын алаяқтар да бар. Олар клиенттің картасы арқылы күдікті операцияның жасалғанын айтып, оны бұғаттау үшін CVC-кодты сұрап алады. Сөйтіп, интернет-банкинг арқылы барлық ақшаны үптеп кетеді. 

"Интернет-алаяқтықтың тағы бір түрі – "сыйлық тарату". Ол кезде алаяқтар адамдарға қоңырау шалып, олардың қымбат сыйлық ұтып алғанын айтады. Сосын оны жеткізу үшін ақы сұрады. Аңқау адамдар тағы өзінің жеке мәліметтерін айтып қояды да, барлық ақшасынан айырылады", - дейді Омарбеков.

Бұдан бөлек, интернет арқылы тиімді салымдарға қатысты жарнамалар кеңінен таралып жүреді. Ол да алаяқтардың ісі. Ондайда букмекерлік ставкамен немесе биржа арқылы қыруар пайда табуға ұсыныс жасалады. Алаяқтар спорт матчтарының есебі мен биржадағы бағаларға қатысты құпия ақпаратты білетінін айтып, халықты барынша сендіреді. Осылайша, біраз адамдарды алдап кетеді.     

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы үш жылдың ішінде интернет-алаяқтықтың саны екі есеге өскен. Биыл осы салада 1 700 қылмыс ашылып, 400-дей адам ұсталды. Қылмыстардың басым бөлігі шетелден жасалады. Ал зардап шеккендердің көбісі полицияға шағым түсірмейді.

 

5
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, алаяқтық, банк, интернет
Тақырып бойынша
Маман банк картасымен қай жерде төлем жасау қауіпті екенін айтты
Интернет алаяқтардан қалай қорғану керек – пайдалы кеңес
Қазақстандықтардың депозитінен миллиондап ақша ұрлаған банк қызметкері ұсталды
Солтүстікте алаяқтар жоқ бетперделерді "сатты"
Қолма-қол ақша арқылы вирус жұқтыру қаупі бар – ұлттық банк түсініктемесі
кеспе

Министрлік корей кеспесі қандай жағдайда қайта сатыла бастайтынын айтты

3
Сырттан әкелінген тауар кеден одағының талаптарына сәйкестендірілген кезде Қазақстанда қайтадан Корей кеспесін сатуға рұқсат беріледі

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті корей кеспесі Қазақстан нарығын қандай жағдайда қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан аумағына әкелінетін өнім кеден одағының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар генетикалық түрлендірілген организмдердің (ГМО) болуы туралы таңбалау талаптары бұзылмауы керек.

"Корея Республикасының уәкілетті органдарын санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізу туралы хабардар ету және өнім өндірушіге қатысты бақылауды күшейту, сондай-ақ өнімнің Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігін бақылау зерттеулерінің нәтижелері корей кеспесін әкелуге және өткізуге тыйым салуды жоюға негіз болады", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар комитет қазір республика бойынша сауда желісінде талапқа сәйкес келмейтін өнімді сатудан алып тастау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тыйымды бұзып, корей кеспесін сатуды жалғастыратын кәсіпкерлерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы ("халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша айыппұл салынады.

Айта кетейік, 14 қазаннан бастап Қазақстанда генетикалық түрлендірілген сояның көп болуына байланысты "Оттоги Рамен" компаниясының оңтүстік кореялық тез дайындалатын кеспесін әкелуге және сатуға тыйым салынды.

Сонымен қатар санитар дәрігерлер Қытайда шығарылған Better Cokies Danish Pride печеньесіне де тыйым салды.

3