SCAT әуе компаниясының ұшағы

Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады Ресей елшілігі

595
Мәскеуге келген азаматтар өзінің тұрғылықты жерінде немесе арнайы бақылау орталығында 14 күнге оқшауланады

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. 25 маусымнан бастап Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мен Ресейдегі Қазақстанның елшілігі Scat әуе компаниясы арқылы Нұр-Сұлтан–Мәскеу бағыты бойынша арнайы коммерциялық рейс ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

"Осыған байланысты Ресейге ұшқысы келетіндер 22 маусым күні сағат 17.00-ден (Нұр-Сұлтан уақытымен) кешіктірмей, өз деректерін rusconsulkz@mail.ru электрондық поштасына жіберуі тиіс", – деп хабарлады Ресей елшілігі.

Елшілік қазіргі кезде Ресей аумағында осы елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жарлығы бойынша келушілер үшін 14 күндік оқшаулау бар екенін еске салды. Оқшаулану тұрғылықты жерде (Мәскеу тұрғындары үшін) немесе арнайы бақылау орталығында (Мәскеу облысындағы санаторийлердің бірінде) жүзеге асырылады.

"Сіз Мәскеуге келгеніңізбен, әуежай маңынан көлігіңізге отырып өз аймағыңызға бара алмайсыз", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл рейсті Ресей азаматтарынан басқа төмендегідей санаттағы шетелдік азаматтар да пайдалана алады:

  • ТМД-ға мүше мемлекеттердің азаматтары;
  • Ресей федерациясындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің, Ресейде орналасқан шет мемлекеттердің басқа да ресми өкілдіктердің, одақтас мемлекеттердің тұрақты комиссиясының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ осы тұлғалардың отбасы мүшелері, халықаралық автомобиль қатынасындағы жүк көліктерінің жүргізушілері, әуе, темір жол қатынасы және теңіз, өзен кемелерінің экипажы мен пойыз және локомотив бригадалары сияқты аккредиттелген немесе тағайындалған қызметкерлер;
  • жақын туысының қайтыс болуына байланысты берілген дипломатиялық, қызметтік немесе жай жеке визалары бар тұлғалар, сондай-ақ Ресей СІМ-нің шешімі бойынша берілген жай жеке визалар;
  • Ресей федерациясының аумағында тұрақты тұратын адамдар;
  • Ресей федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы әуе өткізу пункттері арқылы олардың шегінен шықпастан транзитпен өтетін тұлғалар.

Оқи отырыңыз: Әуежай кодын NQZ-ке ауыстыру қанша тұрады

595
Кілт сөздер:
әуе қатынасы, Ресей елшілігі
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (703)
Тақырып бойынша
Енді ұшақ жолаушыларынан коронавирус анықтамасы талап етілмейді
Санкт-Петербург әуежайында екі ұшақ соқтығысты
Карантин аяқталғаннан кейін ұшақ жолаушыларынан анықтама талап етіле ме?
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы жанданды
Нұр-Сұлтан қаласынан тағы төрт қалаға ұшақ қатынай бастайды
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесін өткізді

"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады Назарбаев

132
(Жаңартылды 19:41 24.11.2020)
Қазақстан тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында күрделі жағдайларды айналып өте білді, деп атап өтті Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясының саяси кеңесі бюросының отырысы өтті, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Жиында Назарбаев соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті.

"Пандемияға және соған байланысты әлемдік экономиканың 4,4 процентке, кейбір дамыған елдерде 10 процентке құлдырағанына қарамастан, біз тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында мұндай күрделі жағдайларды айналып өте білдік", – деді партия төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш президенті соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті 

"Біз алғаш рет праймериз өткіздік. Соның нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейіндегі іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен Съезге ұсынылып отыр. Бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдаймыз. Халықтың қатысуымен 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жан-жақты талқыланып, қабылданды. Онда жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен онда жеңіске жеткен азаматтарға тоқталды.

"Праймеризге қатысушылардың үштен бір бөлігі және партиялық тізімге енген әрбір бесінші адам – жастар өкілі. Партиялық тізімнің 30 процентін  әйелдер құрайды. Сонымен бірге партия тізімдерінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, бизнес өкілдері, жұмысшылар мен қызметкерлер бар", – деп толықтырды ол.

Қазақстанның Тұңғыш президенті праймеризге қатысқан партияның әрбір үшінші жаңа мүшесі жеңіске жеткенін атап өтті.

"Осылайша, біз "Nur Otan" партиясының жұмысын жүйелі түрде қайта жандандыруды аяқтадық", – деп түйіндеді партия төрағасы.

Бюро мен саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім "Nur Otan" партиясының ХХ съезіне ұсынылады.

132
Кілт сөздер:
Назарбаев, сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
"Ауыл" партиясы ОСК-ге мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды
Қазақстанда тағы бір партия атауын өзгертті
Косарев жаңа жылдан кейін депутат болмайтынын айтты
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов

Нұрымбетов жәрдемақы төлеу кезінде әділетсіздікке жол беріліп жатқанын айтты

1860
(Жаңартылды 18:54 24.11.2020)
Қазақстанда кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр   

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедек бала тәрбиеленіп жатқан отбасыға екі жәрдемақыны қатар алуға құқық беруді ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр Біржан Нұрымбетов азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы туралы айтып берді.  

Оқи отырыңыз: Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды 

"Өкінішке қарай, біздің қолданыстағы заңнамамызда әлеуметтік тұрғыдан әділетсіз нормалар бар. Бірнеше мысал келтірейін. Бізде бірінші топтағы мүгедекті күтуге жәрдемақы қарастырылған. Бірақ неге екені белгісіз, бұл жәрдемақы адам бала кезінен мүгедек болса ғана беріледі. Ал ересек кезінде мүгедек болып қалғандар не істейді? Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасау жәрдемақысын барлығы алу үшін біз мұны түбегейлі өзгерткіміз келеді", - деді Нұрымбетов Азаматтық форумда.

Ол мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыға қатысты тағы бір мысал келтірді.   

"Отбасы асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекет тарапынан балаларға жәрдемақы беріледі. Ал мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы бұдан құр қалады – мұндай кезде заң мүгедектік бойынша жәрдемақы алып отырсың дейді. Біз бұл әділетсіз деп санаймыз. Сондықтан осы заң жобасында бұл жағдайда мүгедектігі бойынша жәрдемақы мен  асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақыны қатар алу жағын қарастырамыз", - деп толықтырды министр.

Сондай-ақ, мүгедек деген ұғымды "мүгедектігі бар адамға" ауыстыру, мүгедектіктің 1-2 тобы анықталған жағдайда, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған және 18 жасқа дейін тұрғын үй алған отбасылардың баспана алу кезегін сақтау ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, заң жобасында 2023 жылдан бастап инватакси қызметін көрсету, 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды жәрдемақы мөлшерін қайта қарастыра отырып, мүгедектік топтарына бөлу қарастырылады.

1860
Кілт сөздер:
мүгедектер, жәрдемақы
Тақырып бойынша
Солтүстікке қоныс аударатындарға берілетін жәрдемақы екі есе артады
Перуашев зейнетақы мен жәрдемақыны басқаша есептеуді талап етті
Көпбалалы аналар 153 миллиард теңге жәрдемақы алды - еңбек министрлігі
Елорда әкімдігі 44,5 мың теңге әлеуметтік көмек кімдерге берілетінін түсіндірді
Ақорда

Зейнетақы төлеуге 7,3 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев заңға қол қойды

0
Кепілдендірілген трансферт республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Заңда Ұлттық қордан 2021 жылы – 2 триллион 700 миллиард теңге, 2022 жылы –  2 триллион 400 миллиард теңге, 2023 жылы – 2 триллион 200 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт бөлу көзделген.

Оқи отырыңыз: Нұрымбетов жәрдемақы төлеу кезінде әділетсіздікке жол беріліп жатқанын айтты 

Сондай-ақ, құжат кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағытын айқындайды. Осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталады.

Кепілдендірілген трансферт бөлінгеннен кейін Ұлттық қордағы қаражат жалпы ішкі өнімнің 30% мөлшерінен төмендемейді. 

0
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, зейнетақы
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын алу: қазақстандықтар 10%-тік салықты қалай төлейді
Зейнетақы жинағын емделуге пайдаланудың шарты қандай – министрлік жауабы
Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды
Мамин Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа жауап берді