НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының жағдайы туралы айтты.
"Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезінеді, ауру белгілері жоқ. Дене қызуы тұрақты, коронавирус инфекциясына тән белгілер байқалмайды. Қазақстанның тұңғыш президенті дәрігерлердің бақылауында. Олардың айтуынша, алаңдауға негіз жоқ", - деді баспасөз хатшысы.
Үкібайдың айтуынша, коронавирус жұқтырғаны белгілі болған күннен бері Елбасы қашықтан жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ, ол Назарбаев жеделхаттар мен хаттардың бірін қалдырмай оқып жатқанын атап өтті.
"Нұрсұлтан Назарбаев үшін бүкіл хат қымбат. Адамдардың бірлігі, олардың жылы, ізгі тілегі тұңғыш президентке күш береді", - деп жазды Үкібай Twitter-де.
Бейсенбі, 18 маусымда Айдос Үкібай Елбасының коронавирусқа тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді. Десе де, ол "алаңдауға негіз жоқ" екеніне сендірді.
Айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев өзін оқшаулады, қашықтан жұмыс істеуге көшкен.
Тағы оқыңыз: Назарбаев коронавирус жұқтырды: Елбасының кімдермен кездескені белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі.
"Өкінішке қарай, коронавирус біздің тұңғыш президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Ресей президенті Владимир Путин де тұңғыш президентке коронавирустан құлан-таза айығып кетуін тіледі.
АЛМАТЫ, 8 наурыз – Sputnik. Covid-19 инфекциясын жұқтырып, сауығып шыққан адам қалпына келуі үшін біршама уақыт қажет. Алайда көп жағдайда аурудан кейін денсаулық нашарлауы мүмкін.
Оксфордтың Брукс университетінің мамандары науқастардың көпшілігінде қысқа мерзімді жүйке-психика бұзылуы байқалатынын анықтады, деп хабарлады РИА Новости.
Мысалы, адамдардың 95%-інде аурудан кейінгі стресс, 45%-інде көңіл бөлудің бұзылуы, 13-28%-інде есте сақтау қабілетінің нашарлауы анықталған.
Сонымен қатар Сovid-19 инфекциясын жұқтырғанға дейін бұл науқастарда мұндай ауытқулар болмаған.
Ал 17-42% адамда аурудан кейін депрессия пайда болған. Науқастардың арасында есте сақтау (38-50%) қабілетінің нашарлауына шағымданғандар да бар.
Айта кетейік, бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады. Мамандардың айтуынша, ол 2022 жылдың басында тоқтайды.
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев серуенінің суретін жариялады.
Фотода мемлекет басшысының итін көруге болады. Тағы біреуі артында тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Суреттегі ит қазақы тазы тұқымынан болуы мүмкін.
"Тамаша күн. Таңғы серуен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды", - деп жазды Уәли.
Таңертең президент сайтында ресми құттықтау жарияланған болатын. Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізеді деген еді президент.
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісіне түлкі кіріп кетті. Оқиға 34-ші шағын аудандағы "Сандықтас" тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.
Түлкінің бұл жерге қалай жеткені белгісіз.
Видеода оның шығатын жер іздеп, қабырғаға өрмелегені көрінеді. Ролик авторлары жыртқыш аңды далаға шығарып жіберді.
"Тұрғындар түлкіні пәтерде ұстады деп ойламаймын. Бұл ең шеттегі үй, дала суық болғандықтан, түлкі даладан қашып келді деп ойлаймын", - деді "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағандыда көліктің ішіндегі арыстанның суреті жарияланған болатын. Ол жергілікті хайуанаттар бағынан екені анықталды. Алайда жеңіл көлікпен тасымалдауға рұқсат болмаған. Полиция тексеріс жүргізеді.