Қоғам

Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 13 млрд теңге қарыз болып қалды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты в руках
Деньги, тенге монеты в руках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Берешегі ең көп өңірлер - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Маңғыстау облысы. Министр борышкерлермен жүйелі шаралар жүргізіліп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 13 миллиард теңге қарыз. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өткен жылыту маусымында өңірлерде жеке және заңды тұлғалардың коммуналдық қызметтер алдындағы дебиторлық қарызы 13 миллиард теңгені құрады", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Айтуынша, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 780 миллион теңгеге көп.

Осы орайда министр берешегі ең көп өңірлерді атады. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Маңғыстау облысы.

Атамқұлов әкімдіктер борышкерлермен дебиторлық берешекті өтеу және азайту бойынша жүйелі шаралар жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Жалпы алдағы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Көмір тапшылығы болмауы тиіс. Қыркүйек-қараша айларында әкімдіктермен бірлесіп, халыққа арналған көмірді ертерек сатып алу жұмысы жүргізілуде", - деп сендірді ведомство басшысы.

Айтуынша, оқу жылы басталғанға дейін 10 мыңдай білім нысанын дайындау жоспарланған.

Сонымен қатар, 6 мыңдай денсаулық сақтау мекемесі мен 47 мың тұрғын үй дайындалады.

Жаңалықтар
0