Қоғам

Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті - видео

© Официальный сайт Президента КазахстанаКазахстанские военные прошли по Красной площади во время парада Победы
Казахстанские военные прошли по Красной площади во время парада Победы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақстанның әскерилері Жеңістің 75 жылдығына арналған парадта Қызыл алаңмен жүріп өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әскерилердің мерекелік топтары алфавит тәртібімен өтті. Үндістаннан кейін Қазақстанның 36-шы десанттық-шабуылдаушы бригаданың әскерилері Қызыл алаңмен жүріп өтті. Оларды бригада командирі, подполковник Ұлан Нұрғазиев бастап шықты. Ал диктор қазақстандық әскерилерді "Республиканың Қарулы Күштерінің үздік құрылымы" деп таныстырды.

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс парадында қазақстандық әскерилерге орнынан тұрып құрмет көрсетті
Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті - видео - Sputnik Қазақстан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс парадында қазақстандық әскерилерге орнынан тұрып құрмет көрсетті

Мерекелік топ Қызыл алаңмен жүріп өткенде мінберде отырған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрып, қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті.

Айта кетейік, Қазақстанның қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Жеңіс парадына алдын ала барған. Оларды Құрлықтағы әскерлердің бас қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары, генерал-майор Дәулет Оспанов бастап барды. Мәскеуге шығардың алдында барлығы карантинде отырып шықты.

Салтанатты шараға Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та қатысып отыр. Оған ресейлік әріптесі Сергей Шойгу арнайы шақыру жіберген. Ал Қазақстан президентін Ресей басшысының шақыруымен барды.

Жаңалықтар
0