Қоғам

Назарбаевтың қорынан тағы кімдерге 50 мың теңгеден берілетіні белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневАқша, теңге, тиын
Ақша, теңге, тиын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасының бастамасымен ауылдарда тұратын көмекке зәру 80 мың отбасыға біржолғы атаулы көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. "Birgemiz" қоры біржолғы атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін бастайды. Бұл жолы көмекке мұқтаж 80 мың отбасыға 50 мың теңгеден беру жоспарланып отыр.

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

"Партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен "Birgemiz" қоры таяуда біржолғы атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін ұйымдастырады. Елбасының бастамасы бойынша көмек қамқоршылар кеңесінің шешімімен ауылдық елді мекендерде тұратын аса мұқтаж 80 мың отбасыға бағытталады", - деп жазды ол Instagram-да.

Бұдан бөлек, ол Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан Достық ауылының тұрғындарына салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысы биыл шілдеде аяқталатынын атап өтті.

Тағы оқыңыз: "Birgemiz" қорына төрт адам 4 миллиард теңге аударды

Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қорына меценаттардан 28 миллиардтан аса ақша түскен. 23 ірі қалада, сондай-ақ, оларға іргелес шағын қалалар мен ауылдарда 470 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды.

Сонымен қатар, қор ақшасы коронавируспен күреске тартылған медицина қызметкерлерін қолдауға және тұрмысы төмен 100 мың отбасыны тегін маскамен қамтамасыз етуге бағытталды.

Жаңалықтар
0