Жылаған қыз, архивтегі сурет

Мәйіт бұзыла бастады: Алматыда марқұмдарды жерлеуге қатысты мәселе туындады

2080
(Жаңартылды 09:20 26.06.2020)
Коронавирусқа сынаманың теріс көрсеткіші болмаса, өлген адамдардың мүрдесін жерлеу қызметін ұйымдастыратын агенттіктер қабылдамайды

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Алматы қаласының ондаған тұрғыны қайтыс болған туыстарын жерлей алмай отыр. Жерлеу қызметін ұйымдастыру агенттіктері мен мәйітханалар қайтыс болғандарды COVID-19 вирусының теріс көрсеткіші болса ғана қабылдайды. Ал мұндай анықтама алу үшін бірнеше күн қажет, деп хабарлайды Евразия Бірінші арнасы.

80 жастағы әжесінен айрылған алматылық Екатерина Холиченко эпидемиологтар коронавирусқа тест алғанымен, әлі нәтижесі шықпады дейді. Ал COVID-19 вирусына қатысты анықтамасыз мәйітханалар мүрдені қабылдамайды.

Тағы бір қала тұрғынының туысы үш күн бұрын қайтыс болған.

"Мәйітті үш күннен бері үйде сақтап отырмыз. Бұзыла бастады. Ешқандай көмек жоқ, не істеу керектігін де білмей қалдық", - дейді Мұрат Құсайынов.

Құсайынов мәйітханаға барғанымен, қаулы болмаған соң қабылдамаған. Ал сынама да тапсыра алмаған. Өйткені, зертхана Жібек Жолында орналасқан және ол жақ карантинге жабылған.

Коронавирусқа сынаманың теріс көрсеткіші болмаса, өлген адамдардың мүрдесін жерлеу қызметін ұйымдастыратын агенттіктер де қабылдамайды. Кейбір отбасылар мәйітті бальзамдау арқылы басқа қалаға апарып жерлегісі келгенімен, оны да іске асыра алмай отыр.

Мәселенің ушыққанынан хабардар болған қаладағы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін және сапасын бақылау бөлімі жағдайды түсіндірді. Яғни, Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жарлыққа қол қойды. Ол жерде ауруханадан тыс жерде қайтыс болған алматылықтардың денесі коронавирусқа тексерілмейтіні туралы баяндалған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда індет салдарынан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі әзірленіп жатыр

Осыдан кейін ғана марқұмдардың туыстары барлық ережеге сай жерлеуге мүмкіндік алды.

2080
Кілт сөздер:
коронавирус, Алматы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2685)
Тақырып бойынша
Көкшетауда коронавирустан ерлі-зайыпты көз жұмды, ұлы жансақтау бөлімінде жатыр
Елордада 40 жасқа толмаған науқас көз жұмды – дәрігерлер жағдайды түсіндірді
Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 4 адам көз жұмды
Жүргізуші ауруханада көз жұмды: танымал актер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
Петропавлда науқас аурухана терезесінен құлап көз жұмды
Ұлттық банк

Ұлттық банк алаяқтарға қатысты мәлімдеме жасады

353
"Ұлттық банктен" ақша аударыңыз деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыздану қажет

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Ұлттық банк ақша жымқыру мақсатында азаматтардың жеке деректеріне ие болу үшін ұлттық банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтардың көбейе бастағанын ескертті.

Қастық ойлағандар телефон арқылы байланысқан кезде банк шотының нөмірлері мен несиенің бар-жоғы туралы ақпаратты сұрайды. Сонымен бірге, "техникалық мониторинг" мақсатында деген желеумен азаматтардан төлқұжат деректерін, атап айтқанда, ЖСН мәліметтерін білгісі келеді. Алаяқтар, сонымен қатар тексеру үшін деп шот ашуды немесе тестік-режимде несие алуға өтініш беруді және үшінші тараптың шотына ақша аударуға үндейді.

"Ұлттық банк ақша жіберіңіз деген электронды хаттар мен белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді. Белгісіз банк шоттарының реквизиттері көрсетілген аяқ асты ақшаға тап боласыз деген хабарлама немесе телефон қоңырауы көбінесе алаяқтардың әрекеті болып шығады", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жасамайды. Ұлттық банкте шоттарды тек қана Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылады.

"Ұлттық банктен" ақша аударыңыз деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыздану қажет.

Оқи отырыңыз: 

353
Кілт сөздер:
Ұлттық банк, алаяқ, мәлімдеме
тұз

"Үйіне тұз үйіп, қарғыс айтады": Таразда түсірілген видеоның мән-жайы белгілі болды

2485
(Жаңартылды 21:22 30.11.2021)
Қалалық полиция департаменті ол әйелдің Ұлбике ақын көшесінде тұратынын растады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде үйіне тұз үйіп қойған әйелдің видеосы тарап жүр. Көршілері әйелдің психикалық ауытқуы бар екені айтып, оған қатысты шара қолдануды сұраған.

Полиция департаменті тараздықтың әрекетіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеода ер адам үйдің ішін түсіріп жүр. Бөлмеде тұз үйіліп жатыр. "Мына тұзды қай жақтан алдыңыз?" деп сұрағанда үйдің иесі сатып алдым дейді.

"Бізде көршіге қатысты бір проблема бар. Ол психикалық диспансерде тіркеуде тұр. Зейнетақы алады. Сол ақшаға тұз, ішімдік пен темекі сатып алады. Сосын күні-түні қарғыс айтумен айналысады. Бармаған жеріміз жоқ. Бұл проблема шешілмей жатыр. Туған-туыстары да байланысқа шықпайды. Осы үйде тұратындар балалар үшін қорқады", - делінген видео анықтамасында.

Қалалық полиция департаменті ол әйелдің Ұлбике ақын көшесінде тұратынын растады. Алайда көршілер тарапынан ешқандай арыз түскен жоқ деп отыр.

"102-ге ешқандай арыз түспеді. Иә, ол психикалық диспансерде тіркеуде тұр. Ауруы бар, бірақ тыныш жүреді. Бұрын қала орталығында тұрған. 3-4 жыл бұрын туған-туыстары Ұлбике ақын көшесінен пәтер алып берген. Сол жерде жалғыз өзі тұрады", - дейді полицейлер.

Видео түсірілген күні учаскелік инспекторлар өздері сол үйге барды. Онда тұратын әйел қайтадан психикалық диспансерге жабылды.

Оқи отырыңыз: 

2485
Кілт сөздер:
Тараз, видео, тұз
Эсминец Портер

АҚШ эсминецтері Украинаға көмекке келе ме

0
АҚШ-тың өз мүдделері мен материктік территориясына қауіп төндірмей Ресеймен Украина үшін немесе Украинада соғысуға технологиялық мүмкіндігі жоқ

Қара теңіз аймағында Пентагон мен НАТО-ның Украина қарулы күштерімен бірлесіп арандатушылық маневрлер жүргізуі күш көрсетудің емес, керісінше, логистикалық, тактикалық және стратегиялық олқылықтардың кең спектрінің көрінісі болып отыр.

USS Arleigh Burke зымыран эсминеці мен АҚШ ӘТК басқа кемелерінің Қара теңіздегі вахтасы Вашингтонның Ресейдің дербес саясатына геосаяси ықпал етуге әрекеті болып отыр. Алайда мұның қисынсыз әрекет екені белгілі. Өйткені күні кеше ғана ауған тәлібтерінен жеңіліс тапқан АҚШ коалициясы зымыран-ядролы Ресейге өз ережелерін жүргізе алмайтыны анық.

Ақ үй
© Sputnik / Владимир Астапкович

Мәскеу "серіктестерімен" өзара тиімді ынтымақтастық жүргізуге, әділ бәсекелестікке және сауда жасауға ниетті. Бірақ олар "қарсыласты" күшпен бағындыруға, соғысуға бағытталған әрекеттерін тоқтатар емес және ол үшін сылтауды ойдан құрастыруға дайын.

Сондықтан кей жағдайда Ресей Батыстың арандатушылықтарына қатаң жауап қатуға мәжбүр. АҚШ пен НАТО-ның Қара теңіздегі, Ресей Федерациясының шекарасы жанындағы белсенділігі Еуропа мен Солтүстік Америка территориясында ауқымды қарулы қақтығыс ықтималдылығын арттырып тұр.

АҚШ ӘТК 6-флот ақпараты бойынша, USS Arleigh Burke эсминеці 25 қарашада "маңызды халықаралық су жолындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету" үшін Қара теңіз акваториясында "патрульдеуге" кірісті. Алайда бұл су жолында сомалилік пираттардың қарасы да көрінбейді.

АҚШ пен НАТО елдерінің Қара теңіздегі әскери белсенділігіне және оған Қара теңіз аймағындағы мемлекеттерді тартуға ешқандай себеп туындаған жоқ және ол Ресейдің стратегиялық тұрақтылығына, өңірлік қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр. РФ Қорғаныс министрлігі АҚШ ӘТК кемелерінің Одесса мен Батумиге келуін тұрақсыздандырушы фактор деп атады және америкалықтар посткеңестік кеңістікті (Украина және Грузия) әскери игеруді көздеп отырғанын мәлімдеді.

РФ Қара теңіз флоты мен Оңтүстік әскери округ күштері мен құралдары америкалық әскери кемелердің қозғалысын жіті бақылап отыр. Arleigh Burke эсминецін теңізде суүсті кемелері мен субмариналар бақыласа, америкалықтарды әуеде жою авиациясының ұшқыштары қадағалауда. Ал құрлықта ықтимал қарсыластың әрекеті Қара теңіз флотының радарларынан тыс қалып жатқан жоқ. Осылайша ресейлік зымыран кешендері тәулігіне 24 сағат бойы НАТО мен АҚШ әскери күштерін бақылауда ұстап отыр.

Қара теңіздегі АҚШ соғыс кемелерінің мерзімді түрде маневр жүргізуін Вашингтонның Киев режиміне қолдау көрсетуі деп бағалауға болады. Алайда АҚШ Әскери-теңіз күштері теңіздегі кейбір аумақтың Ресейге тиесілі екенін мойындамай, қақтығысқа алып келетін әрекеттерге әдейі барып отыр. Пентагонның Ресей жағалауларына жақын аймақтағы маневрлеріне Ресейдің авиация және флот күштеріне амалсыздан белсенді түрде қарсылық көрсетуі РФ қауіпсіздігінің шарты болып отыр. Сол себепті соғыс әрекеттерінің ықтималдылығы күн санап артып жатыр.

Алайда америкалықтардың НАТО көмегімен Ресеймен Еуропада "шектеулі" соғыс жүргізуге деген үміті ақталмайын деп отыр. Вашингтон мен Киевтің ресейлік әскердің Украинаға "қысқы шабуылы" туралы жалған ақпараты салдарынан Брюссель бұл мәселеден басын аулақ алып қашты.

26 қарашада НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг алдағы уақытта Латвияда өтетін сыртқы істер министрлерінің саммиті "ресейлік күштердің украин шекарасында шоғырлануын" қарастыратынын, бірақ ұжымдық қорғаныс (НАТО Жарғысының 5-бабы) басқа мемлекет шабуыл жасаған жағдайда да Украинаға қатысты болмайтынын мәлімдеді. Альянс мейлінше Киевті қолдап отырғанымен, ол үшін Мәскеумен соғысуға құлықсыз.

Осыған байланысты Украина "агрессор мемлекетпен" соғыса қалған жағдайда, USS Arleigh Burke эсминеці мен АҚШ Әскери-теңіз күштері 6-флотының басқа да кемелері еуропалық одақтастардың көмегінсіз әрекет етуіне тура келеді. Не болмаса, 2008 жылдың тамызындағы грузин агрессиясы кезіндегідей саяси қолдауды жалғастыруы керек.

Сонымен қатар америкалық зымыранға қарсы техниканың Украина аспанындағы ресейлік зымырандарды жою мүмкіндігі тым асыра жоғары бағаланып отыр. Қара теңіздегі "Томагавк" оқ атқан сәтте-ақ Ресей зымыраны кез келген америкалық кеменің күл-талқанын шығара алады. Мұндай соғыс ұзаққа созылмауы мүмкін.

Америкалықтар Ресей шекарасының жанындағы АҚШ ӘТК соққы жасаушы зымыран кемесінің бір өзі Мәскеуді үрейлендіруі керек деп үміттеніп отыр. Дегенмен 60-тан астам "Томагавк" қанатты зымырандарын алып жүре алатын және ақпараттық басқарушы жүйемен жабдықталған USS Arleigh Burke эсминеці 6-флоттан жырақ кетсе, Қара теңіз кеңістігінде қауқарсыз болып қалады. Ал ресейлік теңізшілер мен ұшқыштар мұндай нысандардың көзін жоюды автоматты түрде орындалатын әрекет деңгейінде пысықтап алған. Arleigh Burke эсминеці зымыран қаруын қолданған кез келген жағдайда Ресей АҚШ территориясындағы шешім қабылдау орталықтарына жауапты соққы жасай алады.

29 қарашада РФ қорғаныс министрлігі 11 мың километрге ұша алатын "Ярс" континентаралық Баллистикалық зымыранын шахтаға жүктеу арқылы "одақтастардың" стратегиялық әлсіз тұстарын айқындай түсті. Еске салсақ, үш сатылы "Ярс" әрқайсысының қуаты 500 килотоннаға дейін жететін дербес бағыттаудың төрт соғыс блогымен жабдықталған. Сонымен қатар "Адмирал Флота Советского Союза Горшков" 29 қарашада кезекті рет "Циркон" гипердыбысты зымыранымен оқ атып, 400 метр қашықтықта теңіздегі нысанаға дәл тиді. Бір күн бұрын Ресейді осы зымырандардың сериялы өндірісі басталды. Өткен аптада USS Porter эсминеці Қара теңізден кетті.

Батыстағы бақылаушылар укриан әскери құрылыс саласындағы олқылықтарға алаңдап отыр. Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резников Бердянскте жаңа әскери-теңіз базасының құрылысы жоғары қарқынмен жүріп жатқанын айтты. Алайда базада болып қайтқан шетелдік журналистер "құрылыстың аяқталуына дейін әлі өте көп жұмыс жасалуы керек екенін" және "соғыс басталғанға дейін үлгермеуі ықтимал" екенін жазды.

Күні кеше ғана Украина Әскери-теңіз күштеріне америкалық Балтимордан қолданыста болған екі патрульдік катер жеткізілді. Киевтегі саяси тұрақсыздық пен мемлекеттік төңкеріске дайындық туралы алып-қашпа әңгімелер өршіп тұрған шақта АҚШ пен Украина қарулы күштері Донбасты тазарту үшін броньді танк бригадасы мен әуе-десанттық операцияны дайындап, Приднестровьеден "ресейлік шабуылға төтеп беруге" және Одесса облысындағы "сепаратистік көтерілісті" жаншуға дайындалып жатыр. Ал бұл Еуропаға ешқандай жақсылық алып келмейтіні белгілі.

Норвегиядағы TV 2 Norge басылымы "Ресей өзінің саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін қосымша әскери құралдарды қолданып, мәжбүрлеу дипломатиясын кәдеге жарататынын ашық білдіріп отыр"деп жазды. Негізінде, Мәскеу мұндай жоспарды жасырып отырған жоқ.

The Wall Street Journal басылымы Ресейдің Украинаға басып кіруі жағдайындағы Ақ үйдің екі сценарийін жариялады. Оның бірі "оптимистік", екіншісі "пессимистік" сипатта. Алайда екі жағдайда да Украина бір өзі соғысады. Басқа тарап оған көмектессе де, ештеңе өзгермейді. Қалай болғанда да тамызда АҚШ пен НАТО-ның Кабулдан "асығыс кетуін" естен шығармаған жөн. Себебі бұл жағдай Киевте де қайталануы мүмкін.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram парақшасымүддесі ү

0