Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрынның директоры Сансызбай Бекболатов

Қарағандыда театр басшысы өмірден озды

798
(Жаңартылды 11:26 29.06.2020)
Ол бірнеше рет үздік образдың иегері атанып, "Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері" белгісімен марапатталған

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды драма театрының директоры Сансызбай Бекболатов 65 жасында қайтыс болды. Бұл ақпаратты мәдениет және спорт министрлігі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сансызбай Бекболатов 1955 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Красный октябрь ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының театр және кино факультетінде оқыды.

Шығармашылық жолын Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында бастаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Seyfullin Teatry🎭 (@teatr_saken_seyfullin)

Ал 1990 жылы Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрына ауысты.

Ол ұлттық және әлемдік классика туындылары бойынша сан алуан бейнелер жасап, өнерде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Атап айтқанда, Мұхтар Әуезовтың "Еңлік – Кебек" – Есен, Ғабит Мүсіреповтың "Ақан сері – Ақтоқты" –  Қоңқай, Уильям Шекспирдің "Король Лир" – Эдгар, Еврепидтің "Медея" – Егей, Антон Чеховтың "Шағала" – Медведенко, Эдуардо де Филиппонның "Филумена Мартурано" – Адвокат және тағы басқа рөлдерді сомдап, бірнеше рет үздік образдың иегері атанды.

Оқи отырыңыз: Алматыда жантүршігерлік жол апатынан театр және кино актрисасы көз жұмды

2005 жылы "Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері" белгісімен марапатталды.

2012 жылдан бері Сансызбай Бекболатов Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрын басқарды.

798
Кілт сөздер:
театр, өнер
Тақырып бойынша
Мұхамедиұлы театр әртістерінің қанша алатынын айтты
Театр әртісі Юрий Померанцевке "Еңбек Ері" атағы берілді
Достоевский атындағы театр: тарихы мен қызықты деректер
Театр үздіктері анықталды
Райымбек Сейтметов атындағы сазды драма театр
Игорь Сон

Олимпиада жүлдегері Игорь Сон мемлекет беретін қаржыны інісінің еміне жұмсайтынын айтты

609
Игорь Сон мүгедек бауырын аяққа тұрғызу үшін қолындағы қаржысын аямайтынын жеткізді

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарының "қола" жүлдегері Игорь Сон мемлекет тарапынан берілетін қаржыны қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Менің інім церебралды сал ауруымен ауырады, мүгедек. Отбасым Оңтүстік Кореяға емделу үшін кетті. Қазір әкем мен анам, ағам мен інім – барлығы Кореяда", - деді Игорь Сон Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

Олимпиада жүлдегері мемлекет тарапынан берілетін қаржыны сол інісінің еміне жұмсайтынын айтты.

"Менің міндетім – алдымен бауырымды аяққа тұрғызу. Інімнің емінен қалған қаржыға өмір сүремін", - деді ауыр атлетші.

Қазақстанда Олимпиада чемпионына 250 мың доллар, күміс жүлдегерге 150 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар беріледі.

Айта кетейік, Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтып алды. Ол жарыс кезінде барлығы 294 (131+163) килограмм көтерді.

609
Алия Назарбаева

Назарбаевтың кенже қызы алғашқы кітабында не туралы жазғанын айтты

2121
(Жаңартылды 19:57 30.07.2021)
Әлия Назарбаева кітапта өзінің өмірлік ұстаздарының аты-жөнін атап, отбасы туралы әңгімелеуге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева өзінің алғашқы кітабын жазып бітірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

"Қарапайым тілмен және жақсы ниетпен жазылған алғашқы кітабымды аяқтадым. Мен бір кездері бағалаған, жақсы көрген және осы күнге дейін жақсы көретін нәрселерді оқиғалар мен баяндау арқылы жеткізуге тырысып бақтым. Кітапта балалық шағым туралы, әпкем Динараның қалай менімен әлек болғанын, әкеммен не жайлы ұзақ сөйлескеніміз туралы, анамның кеңестері қалай көмектесіп, күш бергенін айтамын", - деп жазды Әлия Назарбаева өзінің Instagram парақшасында.

Ол "Место Силы" кітабынан оқырмандар оның ұстаздары туралы, достықта нені жоғары бағалайтынын, нені кешіріп, не үшін кешірім сұрай алатыны жөнінде білетінін атап өтті.

"Мен балаларымды қатты жақсы көремін және олардың кез келген таңдауын қолдаймын, бұл туралы кітапта жаздым және оны бұрын еш жерде жарияланбаған фотосуреттер арқылы білдірдім", - деді ол.

Назарбаева "Место Силы" кітабы қазір баспада басылып жатқанын хабарлады.

2121
Кілт сөздер:
Әлия Назарбаева, кітап, Назарбаев
Барымташылар. Уақыт жолдары фильмінің кадры

Қазақстандық фильм Францияда көрсетіле бастады

0
Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың фильмі Францияның 20 қаласында көрсетіледі. Қазақстанда бұл кино қыркүйекте үлкен экраннан көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі 29 шілдеден бастап франциялық көрерменнің назарына ұсынылды және ол 20-дан астам қалада көрсетіледі, деп жазды Қазақфильм Instagram парақшасында.

"Бұл мен үшін өте қызықты және қуанышты жағдай. Жапон режиссерімен бірге түсірілген фильм әлемдік кинематограф отанында көрсетіледі. Мұндай айтулы оқиға менің өмірімде бірінші рет болып тұр", - деді туынды режиссерлерінің бірі Ерлан Нұрмұхамбетов.

Сонымен қатар фильмнің екінші режиссері – жапон Лиза Такабэ. Басты рөлдерді Самал Еслямова, Адия Мусина, Мираи Морияма және тағы басқалар сомдаған. Ерлан Нұрмұхамбетов сондай-ақ сценарий авторы екенін де атап өту керек.

"Қазақфильм" мен "Tokyo New Cinema" жапон компаниясы бірлесіп түсірген "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі барымташылардың бір үйдің отағасын өлтіруі салдарынан басына күн туған отбасының бастан кешірген оқиғасын баяндайды. Әкесінің өліміне қабырғасы қайысқан 12 жастағы Олжас өзінің және кішкентай қарындастарының басына түскен сынаққа төтеп беруге мәжбүр болады. Алайда үміт үзілген шақта бейтаныс біреу оларға көмектесе бастайды.

Аталған фильм осы жылдың қыркүйегінде отандық кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.

0