НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Елордалық ауруханада коронавирустан емделіп жатқан жазушы, журналист 59 жастағы Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасы мен марқұмның жұбайы Айша Тұрмағанбетова растады.
Айша Тұрмағанбетованың айтуынша, Қуандық Шамахайұлы ауруханаға өткен аптада жатқызылған. Жұбайымен телефон арқылы үнемі сөйлесіп тұрған. Дәрігерлер болса, денсаулығының жақсарып келе жатқанын айтыпты. Бірақ бүгін түнде марқұм әйеліне хабарлама жазып жіберген.
"Дәрі берді, үш литр су іштім, менен басқа ешкімге бермепті" деді. Су ішкенше, құсып тастамайсың ба деп айттым, содан түнімен ұйықтай алмадым. Таңғы сағат 7.30-да ұлыма хабарласып, әкеңіз қайтыс болды депті. Бір дәріні сынақтан өткізген болуы да мүмкін. Қазір ауруханадамын, прокуратураға арыз жазамын. Ешқандай қант диабеті секілді ауруы болған емес, ешқашан ішпеген, шекпеген кісі. Кішкене ғана өкпесі зақымданған болатын", - деді Тұрмағанбетова Sputnik Қазақстан тілшісіне .
Қуандық Шамахайұлының телефоны өшіп тұр. WhatsApp-қа соңғы рет түнгі сағат 03:25-те кірген. Ал Facebook парақшасында сегіз сағат бұрын соңғы жазбасын қалдырған.
Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасы да Қуандық Шамахайұлының қайтыс болғанын растады. Қазіргі кезде ресми ақпарат әзірленіп жатыр.
Қуандық Шамахайұлы Моңғолияда туып өскен. Моңғолия мемлекеттік университетінде журналистика бойынша жоғары білім алған. 1983 жылдан бастап әдеби ортаға көркем аударма арқылы танылды. Шығармаларын қазақ және моңғол тілдерінде жазды.
1993 жылы тарихи Отаны - Қазақстанға көшіп келген. Елдегі бірнеше жетекші университеттерде дәріс берді, газет-журналдарда бас редактор болды. АҚШ, Жапония, Колумбия, Канада, Швейцария, Қытай, Ресей, Моңғолия жазушыларының таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударды. "Алтын көпір" халықаралық конкурсында жеңімпаз атанды.
Монғолияның жаңа заман көркем әдебиеті өкілдерінің отызға тарта әңгіме-повестерін қазақ тіліне аударып, "Найзағайлы жылдар жаңғырығы" деген атаумен жарыққа шығарды.
Автордың өз қаламынан туған таңдаулы прозалық көркем шығармалары "Шөлейт жақта" деген атаумен басылып шықты. Қазақстанның мәдениет қайраткері, ақпарат ісінің үздігі әдеби-көркем шығармаларынан бөлек қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін де көтеріп жүрді.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өткен тәулікте коронавирустан алты, пневмониядан екі адам көз жұмды.
Сондай-ақ, бір тәулікте 1584 адам вирус жұқтырса, 110 адам пневмонияға шалдықты.
24 қаңтардағы мәлімет бойынша, 26 736 адам короновирус инфекциясынан (15 016 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 753 пациент стационарда, 19 983 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады
Науқастардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 50 пациент – хәл үстінде, 43 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 584 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
23 қаңтарда республика бойынша 1 584 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсетті.
Оның ішінде:
Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 176 974 адамға жетті.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько 38 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спортшы 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында (Ақмола облысы) жол апатынан көз жұмды.
"Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті барлық спорттық қауымдастық атынан спортшының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Николай Чеботько талантты шаңғышы, олимпиадашы және жарқын жүзді адам ретінде мәңгі жүрегімізде сақталады", -делінген хабарламада.
Николай Чеботько 1982 жылы 29 қазанда Щучьеде туған.
Шаңғы спортынан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері.
Тағы оқыңыз: Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті
Үлкен спорттағы ең ірі жетістігіне Чеботько 2013 жылы қол жеткізді. Ол сол жылы Валь-де-Фьеммеде өткен әлем чемпионатында командалық спринт бойынша үздік үштікке енді.
Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған.
Әлем кубогі кезеңдерінде 2001 жылдан бастап сынға түсті. 2012 жылы Квебектегі әлем кубогі кезеңінде Денис Волоткамен бірге тарихи алтын жүлде иеленген. Ол бірнеше рет ел чемпионатында көзге түсіп, өмірінің соңына дейін шаңғы жарыстарында бақ сынады.