Қоғам

Президент үкіметті ұзаққа созылатын пандемияға дайындалуға шақырды 

© Sputnik / Тимур БатыршинОчередь перед центральной аптекой в Алматы
Очередь перед центральной аптекой в Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев үкіметті шұғыл шаралар қабылдаумен қатар ұзақ мерзімді коронавирус пандемиясына дайындықты бастауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде ұлттық жоспар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда. 
29 маусымда президент Ақордада коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізді. 

Тоқаев үкіметті шұғыл шаралар қабылдаумен қатар ұзақ мерзімді коронавирус пандемиясына дайындықты бастауға шақырды. Осыған байланысты ол ортамерзімді перспективаға қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде ұлттық жоспар әзірлеуді тапсырды. 

"Иә, бұл қауіпті ауру, оны емдеу үшін әзірге вакцина да жоқ. Әйтсе де, байбалам салудың, әсіресе, дәрігерлерге тіл тигізіп, санитарлық режимді бұзып, заңға қайшы әрекеттерге барудың еш қажеті жоқ. Науқастар үрей мен пессимизмге бой алдырмауы керек", - деді мемлекет басшысы кеңесте. 

Президент азаматтардан денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық дәрігерлердің талаптары мен кеңестеріне құлақ асуды сұрады. 

"Біздің барлық күш-жігеріміз еліміздің басты байлығы – Қазақстан азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған", - деді Тоқаев.

Жаңалықтар
0