Қоғам

Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмысына қатысты ақпарат шықты

© Photo : Официальный сайт правительства КыргызстанаПункт пропуска "Ак-Тилек автодорожный" в Иссык-Атинском районе Чуйской области
Пункт пропуска Ак-Тилек автодорожный в Иссык-Атинском районе Чуйской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысында Көлжат бекеті ашылса, Шығыс Қазақстанда Майқапшағай мен Бақты өз жұмысын бастап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қытаймен арадағы мемлекеттік шекарада тұрған автомобиль өткізу бекеттерін ашуға рұқсат берілді. Бұл туралы үкіметтің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін Көлжат (Алматы облысы), Бақты және Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы) арқылы өткізу пункттерінде инвестициялық келісімшарттар бойынша тасымалданатын тауар мен дәрі-дәрмек, тамақ өнімдері, гуманитарлық көмек, мемлекеттік тапсырысты орындайтын жүк көліктерінен басқасына шектеу қойылған болатын.

Премьер-министр Асқар Мамин қол қойған құжатта осы тармақ алып тасталынды. 

"Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіпте дипломатиялық арналар арқылы Қытай Халық Республикасын ескертсін", - делінген жаңа қаулыда.

Осы құжат қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

Жаңалықтар
0