Қоғам

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік тоқтайды

© Photo : департамент транспортного контроля CTSЖолаушылардың билетін тексеру
Жолаушылардың билетін тексеру  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық көлік екі апта бойы жүрмейді, автобустар мен автопарктерде дезинфекция жұмыстары жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы екі аптаға тоқтайды. Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС хабарлады.

"Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 шілдеден қоғамдық көліктің қозғалысы шамамен екі аптаға тоқтайды. Автобустар мен автопарктерде дезинфекция жүргізіледі", - деп мәлімдеді CTS.

Қоғамдық көлік қозғалысының жандануы туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Тағы оқыңыз: 5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады

Айта кетсек, елордада 5 шілде сағат 00.00-ден 19 шілде 00.00-ге дейін екі апталық қатаң карантин жарияланады. Карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Өңірлер арасында қалааралық автобустар тоқтайды.

Жаңалықтар
0