Қоғам

Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды

© Sputnik / Абзал КалиевОчередь в аптеке
Очередь в аптеке  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін мемлекет басшысы қазіргі пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға болмайтынын айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі дәріханалардағы бағаның негізсіз өсуін iKomek сервисі арқылы қадағалап, 109 нөмірімен шағымдана алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына дәрі-дәрмектердің қымбаттау фактілері туралы хабарлауды ұсынды.

"Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды тапсырды. IKomek 109 базасында жедел желі іске қосылды. Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтергені туралы шағымдар бойынша қала тұрғындары 109 нөміріне хабарласа алады. Өтініштерге жауап береміз", – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы қазіргі пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға болмайтынын айтқан. Президент үкімет мен құқық қорғау органдарына туындаған мәселені реттеуді тапсырған.

"Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға лимит қойылады

Мемлекет басшысы кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеген.

Жаңалықтар
0