Коронавирус, архивтегі сурет

Қазақстанда коронавирустан бір аптада 76 адам көз жұмды

204
(Жаңартылды 08:59 07.07.2020)
30 маусым - 6 шілде аралығында елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 76 адам қайтыс болды. Ең көп жағдай Қарағанды облысында тіркелген - 24 адам

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде - Sputnik. Қазақстанда 30 маусым - 6 шілде аралығында коронавирустан 76 адам көз жұмды.

Ақмола облысы - 9:
1964, 1964, 1977, 1963, 1942 жылдары туған ер адамдар,
1967, 1960, 1968, 1956 жылдары дүниеге келген әйелдер.

Алматы облысы - 3:
1960, 1954, 1944 жылдары туған ер адамдар,

Атырау облысы - 7:
1963, 1965, 1951 жылдары туған ер адамдар,
1947, 1980, 1972, 1947 жылдары дүниеге келген әйелдер.

Шығыс Қазақстан облысы - 1:
1961 жылы туған ер адам.

Жамбыл облысы - 2:
1964, 1927 жылдары дүниеге келген әйелдер.

Батыс Қазақстан облысы - 7:
1941, 1968, 1955 жылдары туған ер адамдар,
1942, 1952, 1943, 1952 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Қызылорда облысы - 1:
1960 жылы туған әйел.

Қарағанды ​​облысы - 24:
1958, 1946, 1947, 1942, 1958, 1940, 1932, 1952, 1943, 1946, 1960, 1935, 1964, 1935 жылдары туған ер адамдар,
1950, 1947, 1949, 1961, 1947, 1958, 1954, 1936, 1972, 1940 жылдары дүниеге келген әйелдер.

Маңғыстау облысы - 5:
1960, 1980, 1949 жылдары туған ер адамдар,
1965 және 1942 жылдары дүниеге келген әйелдер.

Солтүстік Қазақстан облысы - 4:
1959 және 1964 жылдары туған ер адамдар,
1938 және 1955 жылдары дүниеге келген әйелдер.

Түркістан облысы - 2:
1956 жылы дүниеге келген ер адам,
1958 жылы туған әйел.

Павлодар облысы - 1:
1988 жылы туған ер адам.

Нұр Сұлтан қаласы - 2:
1943 және 1954 жылдары туған ер адамдар,

Алматы қаласы - 4,
1963 жылы туылған ер адам,
1978, 1940, 1957 жылдары дүниеге келген әйелдер.

Шымкент қаласы - 4,
1962 және 1972 жылдары туған ер адамдар,
1966 және 1944 жылдары дүниеге келген әйелдер.

Барлығы елде COVID-19 салдарынан 264 адам қайтыс болды.

204
Кілт сөздер:
өлім, Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1655)
Тақырып бойынша
"Бір апта ауырды": қазақстандық актер қайтыс болды
Парацетамол мен ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды?
Министрлік парацетамол орнына қолдануға болатын дәрілер тізімін жариялады
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?
Вице-министр коронавирус жұқтырған қазақстандық шенеуніктер қалай емделетінін айтты
Микроскоппен қараған кездегі коронавирус

Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті

297
Мамандар Fugaku суперкомпьютері арқылы адам маска тақпаған кезде вирус бөліктері қалай қозғалатынын модельдеді

АЛМАТЫ, 25 қазан — Sputnik. Бетперде – коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы. Мұны жапониялық ғалымдар тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар адам маскасыз сөйлескен кезде, ән айтқанда, жөтелгенде вирус қалай таралатынын көрсетті.

Коронавирустың таралуын көзбен көру мүмкін емес. Сондықтан инфекциядан маска арқылы қорғану тәсіліне адамдар жеңіл-желпі қарайды, деп жазады euronews.com.

COVID-19-дың таралуын анық көрсету үшін жапониялық ғалымдар жаңа технологиялар көмегіне жүгінді. Бұл үшін зерттеушілер Fugaku суперкомпьютерінің мүмкіндігін қолданды. Ол арқылы адам маскасыз сөйлеген кезде таралатын вирус бөліктерінің қозғалысын модельдеді.

"Егер вирус қалай таралатынын нақты көрсетсек, адамдар қауіп жоғары екенін түсінеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл процесті ғылым тұрғысынан көрсеткіміз келді", - деді Kobe University & RIKEN профессоры Макото Цубокуро.

Зерттеу қорытындысы ауаның жоғары ылғалдылығы салдарынан ұсақ аэрозольдік бөлшектер ұлғаяды. Сондықтан вирустан қорғану үшін маска ең тиімді тәсіл болып отыр.

Сондай-ақ, зерттеушілер әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені вирустың ірі бөлшектері жерге түседі де, ауа арқылы ұзақ қашықтыққа тарала алмайды.

297
Кілт сөздер:
видео, ғалымдар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1655)
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды
ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді
Волейболшы Сәбина Алтынбекова

Сәбина Алтынбекова Қуат Хамитовтің ұсынысына жауап берді

2672
(Жаңартылды 15:11 25.10.2020)
Бұған дейін Хамитов волейболшы Сәбина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова ММА файтері Қуат Хамитовтың өзін әйелі ретінде көргісі келетіндігі туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында Қуат Хамитов қатысқан бағдарлама сілтемесін репост жасап, "Бұл қандай қойылым?" деп жазған. Кейіннен жазылушылар сұрағына жауап берген Алтынбекова былай деп пікір білдірді.

"Мен әрқашан Қуатты адалдығы мен турашылдығы және бойындағы қазақ батырының рухы үшін құрметтедім және құрметтеймін. Ол өзінің спорттық мақсаттарына қолжеткізетініне күмәнім жоқ", – деп жазды әйгілі волейболшы.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қуат Хамитов "Еуразия" телеарнасындағы "Қызық LIVE" ойын-сауық бағдарламасының қонағы болып, жеке өмірі жайлы жүргізушілер сұрақтарына жауап берген болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Marat Oralgazin (@oralgazin)

  "Мен әйелімнің ұзын бойлы, тәрбиелі, қарапайым және пәк болғанын қалаймын. Ол мені біледі және өзі де спортшы. Волейболмен айналысады. Оның аты-жөні – Сабина Алтынбекова. Біз ара-тұра хабарласып тұрамыз. Мен оның жүрегін жаулап алу үшін көп күш жұмсауым керек шығар. Достарым кейде: егер үйленсеңдер, Дэвид пен Виктория Бекхэм сияқты боласыңдар деп әзілдеп жатады", – дейді Хамитов.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

2672
Кілт сөздер:
спортшылар, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Сабина Алтынбекова: бар уақытымды волейболға арнап жүрмін
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Сәбина Алтынбекова "Отанын сатып кетті" дегендерге жауап берді - видео
Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр
Желідегі танымалдығы да сеп болған: Сабина Алтынбекова басқа клубқа ауысты