Дәрі-дәрмек

Дәрігер үй жағдайында ішуге болмайтын дәрілерді атады

7809
(Жаңартылды 17:23 08.07.2020)
Үйде емделіп жатқан науқастар көп сұйықтық пен С және D дәрумендерін ішуі тиіс. Алайда мөлшерді қатаң сақтау керек

АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева коронавирус инфекциясы табылған науқастарға үй жағдайында қалай ем алу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауру белгілері жоқ және ауру белгілері аз науқастар үйде емделіп жатыр. Соған сәйкес, олар өз күшімен ем қабылдауда. Үйде емделіп жатқан науқастарға вирусқа қарсы, бактерияға қарсы, тромбозға қарсы дәрімен емделудің қажеті жоқ",- деді маман.

Айтуынша, үйде емделіп жатқан науқастар көп сұйықтық пен С және D дәрумендерін ішуі тиіс.

"Дене қызуы көтерілген жағдайда температураны түсіретін парацетамол және ибупрофен секілді дәрі ішуі қажет", - деді Қарабаева.

Сонымен қатар маман С дәруменін көп мөлшерде қолдану бүйрек ауруы, несептас ауруының күшеюіне алып келетінін ұмытпау керек екенін айтты.

"Егер бұлшықеттің ауруы, әлсіздік, бас ауруы, жөтел, кеуде тұсы ауырып, дене қызуы 38 градустан жоғары болса, дәрігерге қаралып, пневмонияның асқынуын болдырмау қажет", - деді маман.

Оны анықтау үшін компьютерлік томография немесе кеуде тұсына рентген жасалады.

Коронавирус инфекциясының белгілері жоқ науқастар мен ауру белгісі аз науқастарға вирусқа қарсы дәрілерді қабылдаудың қажеті жоқ. Себебі оны стационар жағдайында тек дәрігер тағайындайды.

"Коронавирус пневмониясы – вирус этиологиясындағы пневмония. Ондай жағдайда бактерияға қарсы дәрілер қолданылмауы қажет. Қазір үйде емделіп жатқан науқастардың антибиотиктің көптеген түрін қолданып жатқанын көріп отырмыз. Бұл олардың жақсаруының орнына, жағдайды асқындырып жіберуі мүмкін. Антибиотиктер иммунитеттің қалыптасуына жауап беретін ішек микрофлорасының қалыпты дамуын төмендетеді", - деді маман.

Қарабаеваның айтуынша, науқас әртүрлі бактерияға қарсы дәрілерді қабылдаса, кейіннен антибиотиктерге сезімталдық жоғалып, бактерияға қарсы дәрілер көмектеспейтін болады.

Сонымен қатар ол науқастарға ауыр инфекциялық ауруларды емдеуге арналған антибиотиктерді, антикоагулянттарды ішуге болмайтынын айтты.

7809
Кілт сөздер:
коронавирус, дәрі, дәрігер
Тақырып бойынша
Шымкент әкімі желіде тарап кеткен видео туралы айтты
"Немереңізді ауыртып аласыз": Бердібек Сапарбаев тұрғындарға үндеу жасады
Дәрігер қайтыс болған әріптестерінің тізімін жариялады - басқарма түсініктемесі
Антибиотиктер кімдерге тегін беріледі?
Нұр-Сұлтан әкімдігі стадионда ашылған стационар туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Қорғаныш костюмін киген дәрігерлер

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады

833
Індетке шалдыққандардың дені Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 584 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

23 қаңтарда республика бойынша 1 584 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсетті.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 21274 (+229),
  • Алматы қаласында – 21141 (+131),
  • Шығыс Қазақстан облысында – 19804 (+42),
  • Атырау облысында – 15497 (+96),
  • Қарағанды облысында – 13226 (+82),
  • Павлодар облысында – 11695 (+220),
  • Батыс Қазақстан облысында – 10304 (+84),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 10107 (+113),
  • Қостанай облысында – 9350 (+177),
  • Ақмола облысында – 9299 (+237),
  • Алматы облысында – 8712 (+92),
  • Шымкент қаласында – 5787 (+8),
  • Жамбыл облысында – 5408 (+20),
  • Түркістан облысында – 3986 (+16),
  • Маңғыстау облысында – 3960 (+11),
  • Ақтөбе облысында – 3889 (+10),
  • Қызылорда облысында – 3535 (+16).

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 176 974 адамға жетті.

833
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Полиция үш ай бойы коронавирустан "жасырынған" ер адамды ұстады
Коронавирустан қайтыс болғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді - ДДҰ
Коронавирусқа қарсы жаңа вакцина жайлы не білеміз
Қазақстанда бір аптада 54 адам коронавирустан қайтыс болды
Сауат Мыңбаев

Сауат Мыңбаев жарақат алды жағдайына қатысты ақпарат шықты

1160
(Жаңартылды 13:40 23.01.2021)
Әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында Мыңбаев омыртқа жарақатын алып, ауруханаға түскені туралы хабар шықты

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. "Қазақстан темір жолының" төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақаттанды.

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та Мыңбаев омыртқа жарақатын алып, ауруханаға түскені туралы хабар шықты.

Компанияның баспасөз қызметі оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деді.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта емделіп жатыр. Денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.

Сауат Мыңбаев 2018 жылдың қараша айынан бері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының төрағасы қызметін атқарып келеді. 

Ол 1962 жылы 19 қарашада бұрынғы Талдықорған облысы Үшарал ауылында дүниеге келген. Түрлі жылдары қаржы министрінің орынбасары, қаржы министрі, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министр орынбасары лауазымында болды.

Мыңбаев индустрия және сауда министрі, энергетика және минералды ресурстар министрі, мұнай және газ министрі қызметтерін де атқарған. 2013-2018 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болды. Қазіргі уақытта "Қазақстан темір жолына" басшылық етеді.

1160
Кілт сөздер:
аурухана, Сауат Мыңбаев
Тақырып бойынша
Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпарат шықты
Тальго жолсеріктері пойызда әйел зорлады: ҚТЖ мәлімдеме жасады
Президент Сауат Мыңбаевты неге шақырды?
"Ауруханаға түсуі мүмкін": маман дәрумен ішетіндерге ескерту жасады
Мейрамбек Бесбаев коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті
Жалғас Жұмағұлов

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды видео

0
UFC 257 турнирінің басты оқиғасы – ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье арасындағы жеңіл салмақтағы реванш

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Әбу-Дабиде өткен UFC 257 турнирінде швед қарсыласынан жеңіліп қалды.

Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа созылды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Амир Альбазиге берді.

"Тартысты жекпе-жекте Жалғас Жұмағұлов Амир Альбазиге есе жіберді", - деп хабарлады UFCRussia Instagram-да.

Осылайша Жалғас аралас жекпе-жекте 13 рет жеңіске жетіп, бес кездесуін жеңіліспен аяқтады. Жұмағұлов UFC-ге алғаш рет өткен жылдың жазында шықты. Ол төрешілер шешімімен бразилиялық Раулиан Пайведен жеңілді, алайда бұл шешім көпшілік арасында дау тудырған еді.

Еске салсақ, UFC 257 турнирінің басты оқиғасы – ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье арасындағы жеңіл салмақтағы реванш.

0
Кілт сөздер:
видео, аралас жекпе-жек