Қоғам

Президент денсаулық сақтау саласында тергеу жүргізілетінін мәлімдеді

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өту Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
 Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болмағанын, әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға берілетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдердің жұмысына баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсіп жатыр.

"Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша біз тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз", - деді Тоқаев телевизиялық үндеуінде.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ұлттық аза тұту күнін жариялады 

Президент бүгінде мемлекет тарапынан барлық шараның қабылданып жатқанын ерекше атап өтті.  

"Қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейді. Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын. Дегенмен, "Әр қазақ – менің жалғызым" дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады", - деп түйіндеді Тоқаев.

Жаңалықтар
0