Қоғам

Тоқаев үйде көмек көрсететін мобильді топтардың саны артатынын хабарлады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев посетил оперативный центр по координации и мониторингу чрезвычайных ситуаций
Токаев посетил оперативный центр по координации и мониторингу чрезвычайных ситуаций - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда алғашқы медициналық көмек күшейтілуде. Халыққа үйде медициналық қызмет көрсететін 400 әмбебап мобильді бригада жасақталды

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қазақстанда мобильді топтардың саны 3,5 мыңға дейін артады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шара қолға алынып жатыр. Алғашқы медициналық көмек күшейтілуде. Халыққа үйде медициналық қызмет көрсететін 400 әмбебап мобильді бригада жасақталды. Шілденің аяғына дейін олардың саны 3,5 мыңға дейін артады", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, ауруханаларда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған орындар да көптеп ашылуда. Төсек орындардың жалпы саны 70 процентке артып, 43 мыңға дейін жетті.

"Осы жұмысқа әскери дәрігерлер де тартылып отыр. Қорғаныс күштерінің арқасында 500 кереует қойылды. Ауру өршіп тұрған жерлерде далалық госпитальдар шұғыл түрде ашылады. Запастағы медицина мамандарын қайта даярлау және коронавирусқа қарсы күреске тарту жұмысы қолға алынды", - деп атап өтті Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Президент денсаулық сақтау саласында тергеу жүргізілетінін мәлімдеді 

Мемлекет басшысы ПТР-тестілеуге де тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, қосымша 20 ПТР-анализатор сатып алынды. Тест жасау үшін 8 мобильді орталық құрылып жатыр. Олар ауылды жерлерге де шығады. Осының арқасында бір тәулікте 40 мың тест жасалады.

Жаңалықтар
0