Өзен, архивтегі сурет

Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео

4603
(Жаңартылды 16:56 09.07.2020)
Ұстау операциясы кезінде аппарат жетекшісі оқиға орнынан қашып кеткен. Өзенге секіріп, арғы жағына жүзіп өтпек болған

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Текелі қаласы әкімінің аппарат жетекшісін құрықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Қайсар Баржақсыновтың айтуынша, аппарат жетекшісі мүгедектер қоғамының директорынан 1,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Шенеунік қаланы абаттандыруға қатысты рәсімделген келісімшарттар бойынша қамқорлық жасауға уәде берген.

"Ұстау операциясы кезінде аппарат жетекшісі оқиға орнынан қашып кеткен. Өзенге секіріп, арғы жағына жүзіп өтпек болған. Сол кезде судың ағысы оны алып кете жаздады. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары құрықтады", - деді Баржақсынов.

Шенеунікті ұстау операциясына ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де қатысты.

4603
Кілт сөздер:
видео, өзен, шенеунік, пара
Тақырып бойынша
Прокурорлар қылмыс үстінде ұсталды – ҰҚК
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Қазақстанда лауазымды тұлғалардың карантиндегі әрекеті видеоға түсіп қалды
Павлодар облысында тұрғындар мен полицейлердің қақтығысы видеоға түсіп қалды
Голливуд фильмінен кем емес: қылмыскерді ұстау сәті видеоға түсіп қалды
Су, архивтегі сурет

2025 жылға қарай халық толықтай ауыз сумен қамтылады Мамин 

0
Премьер әр әкімдіктің елді мекендерге, әсіресе, тұрғындары аз ауылдарға тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болу керектігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 100 проценті ауыз суға қол жеткізеді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Үкімет басшысының айтуынша, елде орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда 97,2%, ауылдарда 86,4%-ті құрайды. 

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай халықтың 100%-і сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етіледі. Осының арқасында біз халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесін толығымен шешеміз", - деді Мамин үкімет отырысында. 

Ол әр әкімдіктің елді мекендерге, әсіресе, тұрғындары аз ауылдарға тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болу керектігін атап өтті. 

"Осы мәселедегі маңызды фактор топтық су құбырларының инфрақұрылымын жасау және ауылдардың шекарасына дейін жеткізу керек. Бұл жұмыс желілерді елді мекендердің ішінде тартумен үйлесімді жүруі қажет. Жауапты министрліктер мен әкімдіктер, бірінші кезекте, артта қалған өңірлер осы мәселені ерекше бақылауда ұстасын", - деді премьер. 

Тағы бір маңызды міндет, айтуынша, кәріздік тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту. 
Мамин бұл мәселені шешу үшін қаржыландыру көздері анықталып, жобалау құжаттамасы әзірленіп жатқанын айтты. Ол осы жұмыстарды жылдам аяқтап, жобаларды іске асыруға кірісуді тапсырды. 
Сонымен қатар, премьер-министр 2021 жылдың соңына дейін 197 мың тұрғыны бар 38 елді мекенге су жүргізуді көздейтін, ұзаққа созылған үш жобаның құрылысын аяқтау керектігін мәлімдеді. 

Бұдан бөлек, құзырлы органдарға халық үшін тарифтердің өсуіне жол бермеу үшін кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау  жобаларын іске асыру тетігін заң жүзінде бекітуді тапсырды.

 

0
Жедел жәрдем қызметкерлері

Бір тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 6 адам көз жұмды

6
(Жаңартылды 09:51 27.10.2020)
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан барлығы 1 830, ал пневмониядан 395 адам қайтыс болғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 6 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның хабарлауынша, қайтыс болған бес адамда COVID-19 диагнозы расталды. Ал біреуі пневмониядан көз жұмды.

3 088 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдап жатыр, олардың 248-і бала.

Өткен тәулікте 142 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.

Пандемия басталғалы 110 684 адамда COVID-19 анықталды. 105 766 науқас жазылып шықты. Коронавирустан 1 830, пневмониядан 395 адам қайтыс болды.

Коронавирустық пневмония

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелді. Бір науқас қайтыс болды. 17 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бастап 36 931 дертке шалдықты. 395 науқас көз жұмды, ал жазылып шыққандардың саны 28 548-ге жетті.

 

6
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы