Мектепке бара жатқан балалар

Қазақстанда жаңа оқу жылында мектеп формасы міндеттелмейді

1126
(Жаңартылды 08:54 12.07.2020)
Егер ата-ананың мектеп формасын алуға мүмкіндігі болмаса, балалар классикалық үлгідегі қарапайым киіммен қамтамасыз етілуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Оқушылар үшін алдағы оқу жылында мектеп формасы кию міндетті болмайды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

"Мектеп формасы" ұғымы мен оның қағидаты және оған қойылатын талаптар мүлдем жойылмайды. Тек, біз жаңа бұйрыққа төтенше жағдай мен карантин немесе шектеу шараларына қатысты арнайы ескертулер енгіземіз. Яғни, осындай кездерде балалар мектепке ұқыпты классикалық киіммен келуіне мүмкіндік беруіміз керек",– деді министр бейнеконференция барысында.

Сондай-ақ, ол егер қазіргі кезде ата-ананың мектеп формасын алуға мүмкіндігі болмаса, балалар классикалық үлгідегі қарапайым киіммен қамтамасыз етілуі керек екенін атап өтті.

"Біз осындай шешім қабылдадық. Бұл қазіргі жағдайда өте маңызды деп санаймыз",– деді Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Оқушылар жаңа оқу жылында қалай білім алады – білім министрлігінің жауабы

Айта кетейік, қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылында мектепте білім ала ма, әлде қашықтан оқуды жалғастыра ма, ол жағы әлі белгісіз. Білім және ғылым министрлігі жақын күндері өз шешімін жариялайды деп күтілуде.

1126
Кілт сөздер:
білім беру, мектеп оқушысы, мектеп формасы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (703)
Тақырып бойынша
Мұғалім білім беру жүйесін сынға алды: Тоқаев мәселенің басын ашуды тапсырды
Жаңа оқу жылы тақап қалды: балаға қандай сөмке әперуге болмайды?
"Ойға қонымсыз": Аймағамбетов ата-аналардан қолхат алуды тоқтатуды тапсырды
Аймағамбетов жаңа оқу жылы қашан басталатынын айтты
Білім министрі болғанына бір жыл: Аймағамбетов осы уақытта не тындырды?
Нұрсұлтан Назарбаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Елбасы Юрий Пяға қолдау көрсетуге уәде берді

45
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. "Назарбаев Университет" дербес білім беру ұйымы Жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.

"Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз", – деді Елбасы.

45
Кілт сөздер:
Назарбаев, медицина
Тақырып бойынша
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
Елбасы үш кездесу өткізді: ұлттық қауіпсіздік мәселесі сөз болды  
Назарбаев қазақ тіліне қатысты тапсырма берді
Қазақстандағы оппозициялық партия қайсы – ҚКХП өкілі жауап берді
Назарбаев праймеризге қатысты тапсырма берді
Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсіп жатыр – Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесін өткізді

"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады Назарбаев

391
(Жаңартылды 19:41 24.11.2020)
Қазақстан тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында күрделі жағдайларды айналып өте білді, деп атап өтті Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясының саяси кеңесі бюросының отырысы өтті, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Жиында Назарбаев соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті.

"Пандемияға және соған байланысты әлемдік экономиканың 4,4 процентке, кейбір дамыған елдерде 10 процентке құлдырағанына қарамастан, біз тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында мұндай күрделі жағдайларды айналып өте білдік", – деді партия төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш президенті соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті 

"Біз алғаш рет праймериз өткіздік. Соның нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейіндегі іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен Съезге ұсынылып отыр. Бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдаймыз. Халықтың қатысуымен 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жан-жақты талқыланып, қабылданды. Онда жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен онда жеңіске жеткен азаматтарға тоқталды.

"Праймеризге қатысушылардың үштен бір бөлігі және партиялық тізімге енген әрбір бесінші адам – жастар өкілі. Партиялық тізімнің 30 процентін  әйелдер құрайды. Сонымен бірге партия тізімдерінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, бизнес өкілдері, жұмысшылар мен қызметкерлер бар", – деп толықтырды ол.

Қазақстанның Тұңғыш президенті праймеризге қатысқан партияның әрбір үшінші жаңа мүшесі жеңіске жеткенін атап өтті.

"Осылайша, біз "Nur Otan" партиясының жұмысын жүйелі түрде қайта жандандыруды аяқтадық", – деп түйіндеді партия төрағасы.

Бюро мен саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім "Nur Otan" партиясының ХХ съезіне ұсынылады.

391
Кілт сөздер:
Назарбаев, сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
"Ауыл" партиясы ОСК-ге мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды
Қазақстанда тағы бір партия атауын өзгертті
Косарев жаңа жылдан кейін депутат болмайтынын айтты
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады