Қоғам

"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуӘнші Димаш Құдайберген
Әнші Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайберген қазіргі міндет ауырып жатқан науқастарды аман алып қалу екенін айтып, қазақстандықтарды ұлы мұрат жолында жұмылуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Танымал әнші Димаш Құдайберген ұлттық аза тұту күніне орай әлеуметтік желіде жазба жариялады.

"Өкінішке қарай, күллі әлемді шарпыған пандемия Қазақстанды да айналып өтпеді. Қаншама отбасы қара жамылды. Күн сайын мен танитын, танымайтын қаншама адам өмірден өтіп жатыр. Бұл неткен қасірет еді... Қазір жүрегі бар адамның тыныш ұйықтауы мүмкін емес...", - деп жазды Димаш Instagram-да.

Әнші індеттен қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жақындарына сабыр тіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

"Біз оларды, мына қаралы күндерді ешқашан ұмытпаймыз", - деді ол.

Димаш Құдайберген қазіргі міндет ауырып жатқандарды аман алып қалу екенін атап өтті. Ол әрбір адамның өмірі үшін күресіп, ұлы мұрат жолында жұмылуға шақырды.

"Тезірек індет аяқталып, мамыражай күндеріміз қайта келеді деп сенемін. Ендігі жерде Көк Байрағымыз еңкеймегей!", - деді әнші.

Ұлттық аза тұту күні

Мемлекет басшысы 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Осыған байланысты бүгін елде мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылды, телерадио хабарларын тарату желісі өзгертілді. 

COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтарды еске алу үшін сағат 12:00-де бір минуттық үнсіздік жарияланады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы жасаған үндеуінде қара жамылған отбасыларға көңіл айтты.

Жаңалықтар
0