Қоғам

Тоқаевтың індеттен көз жұмғандарды қайда еске алатыны хабарланды

© Минобороны РКДень траура в Казахстане
День траура в Казахстане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тоғызыншы ұлттық аза тұту күні. Ал Тоқаев президент болғалы екінші рет аза тұту күні жарияланып отыр

АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен қайтыс болғандарды Ақорда резиденциясының алдында еске алады. Бұл жайында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Жалпыұлттық аза тұту күніне орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алады",– деп жазды Берік Уәли Facebook  парақшасында.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды. Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтеді.

Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетеді.

Айта кетейік, мемлекет басшысының өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленді. Соған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап елдегі барлық мемлекеттік ту төмен түсірілді.

Оқи отырыңыз: Аза тұту күні: Қазақстанның барлық өңірінде Құран Хатым дұғасы оқылады

Жалпы алғанда бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тоғызыншы ұлттық аза тұту күні. Тоқаев президент болғалы екінші рет аза тұту күні жарияланып отыр. Бұған дейін мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алуға шақырған болатын.

Жаңалықтар
0