Қоғам

Министр Тоқаевтың қоқысқа қатысты тапсырмасы қалай орындалатынын айтты

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуМусорные баки
Мусорные баки  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа Экология кодексінде қоқыс шығаратын көліктерге GPS датчиктерді міндетті түрде орнату шаралары көзделіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда қоқыс орындары қалай азайтылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жылдар бойы заңсыз қоқыс орындары көбеюде. Шыны керек, бұл мәселенің шешімі әлі табылмай келеді. "Қазақстан ғарыш сапары" компаниясының ғарыштық мониторингі аясында 11 шілдедегі жағдай бойынша осындай 7,5 мыңнан астам қоқыс орны анықталды. Біз әкімдіктермен бірлесіп, оларды жою жоспарын әзірледік", - деді Мырзағалиев үкімет отырысында.

Ол премьер-министрден әкімдіктерге бір ай ішінде заңсыз қоқыстарды жоюды тапсыруды сұрады.

Қазақстанда қоқыстан энергия өндіріледі - парламентте заң жобасы қаралып жатыр 

Министр жаңа заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына барынша жол бермеу қажеттігін атап өтті. Ол үшін қоғамдық рейд өткізіп, анықталған фактілерді жұртқа жария ету керек деп санайды ведомство.

"Осы мәселені жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экология кодексінде қоқыс шығаратын көліктерге GPS датчиктерді міндетті түрде орнату шаралары көзделген", - деді Мырзағалиев.

Қоқыстан энергия өндіру

Айтуынша, қоқыс шығару тарифінің төмен болуына байланысты қоқыс өңдеу саласы инвесторлардың қызығушылығын тудыра қоймайды.  

"Осыған орай мемлекет басшысының "Waste to Energy" (Қоқыстан энергияға – Sputnik ескерт.) технологиясын енгізу мақсатында заңға тиісті өзгерістер енгізілуде. Мәжіліс түзетулерді мақұлдады, заң жобасын күзде сенат қарайды", - деп атап өтті министр.

Экология министрлігі заң қабылданғаннан кейін алғашқы аукциондарды өткізуді жоспарлап отыр.

Мырғазалиев жаңа жүйенің жұмыс істеу алгоритмін түсіндірді.

"Өртелген қоқыстан шыққан электр энергиясына ең төмен бағаны кім ұсынса, зауыт құрылысын сол жүзеге асырады. Алғашқы аукциондарды келесі жылы өткізуді көздеп отырмыз", - деп түсіндірді ол.

Ведомство 6 пилоттық қаланы анықтаған. Олар: Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкент.

Қазір министрлік потенциалды инвесторлармен жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты әкімдіктерден бір ай ішінде министрлікпен жер учаскелерін, инфрақұрылымның қолжетімділігі мен қалдықтарды кепілді түрде тиеу мәселелерін пысықтауды сұрады.

Сонымен қатар, ведомство білім және ғылым министрлігіне мектептерде енгізілетін "Балаларға экологиялық білім беру" атты жаңа пәннің стандарттарын әзірлеуге көмектесуге дайын.

Жаңалықтар
0