Қоғам

Қазақстанда ең қымбат және ең арзан нан қай қалада сатылатыны анықталды

Жазылу
Республика қалаларының ішінде нан бағасының арзандауы жалғыз ғана Ақтөбе қаласында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанда нан бағасы бір жылда орташа есеппен 10,5%-ке қымбаттады, деп хабарлайды Ranking.kz сараптамалық порталы.

Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 9,2%-ке, жоғары сұрыпты ұн өнімі – 13,5%-ке, ал қара бидай ұнының наны – 12,6%-ке қымбаттады.

2020 жылдың маусым айында ел аумағындағы қалаларда бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының бір килограмы орташа есеппен 151 теңге (жылына +9%), жоғары сұрыпты ұн нанының килограмы 289 теңге (+13,6%) және қара бидай нанының килограмы 249 теңгеге (+13,8%) бағаланды.

Ал ірі қалалар мен мегаполистер арасында бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанның қымбат бағасы Атырау (килограммы үшін 178 теңге) мен Ақтауда (173 теңге) тіркелген. Ал ең арзан баға Алматы (килограммы үшін 132 теңге) мен Таразда (138 теңге) болды.

Соңғы айда Көкшетауда да нан бағасы бірден 5,6%-ке, килограмы 169 теңгеге дейін, ал Таразда бір жыл бұрынғы баға 27,8 процентке дейін едәуір қымбаттағаны байқалды.

Қара бидай нанының бағасы қанша?

Қара бидай нанының қымбат бағасы Нұр-Сұлтанда (килограмы 315 теңге), Өскеменде (314 теңге) және Семейде (313 теңге) тіркелген. Ал ең арзанын Ақтөбе мен Талдықорғаннан сатып алуға болады (187 теңге).

Бір ай ішінде қара бидай наны Көкшетауда (+4,3%), Оралда (+4%) және бір жыл ішінде Атырауда +39,1 процентке өскен.

Қазақстанда ақ нан неше теңге тұрады?

Ең жоғары сұрыпты бидай ұны Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін килограмы үшін 414 теңге, одан кейін Өскеменде 376 теңге және Семей 337 теңге болған. Нанның ең арзанын Қызылорда (203 теңге) мен Тараздан (207 теңге) Нұр-Сұлтанға қарағанда екі есе арзан бағаға сатылуда.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қырғызстан мен Тәжікстанға 5 мың тоннадан ұн берілетінін айтты

Байқағанымыздай, бір ай ішінде жоғары сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанның бағасы Қазақстан қалаларының арасынан Алматыда (+4,3%), ал Таразда (+21,1 процентке) қымбаттаған.

Нан бағасының арзандауы жалғыз ғана Ақтөбе қаласында тіркелді.

Жаңалықтар
0