42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақы

Желіде 42 500 теңгеге қатысты жалған ақпарат тарап жатыр

4270
Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемге өтініштерді 17 шілдеден қабылдауды жоспарлап отыр, біржолғы жәрдемақыны тағайындау 20 шілдеде басталады

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желілерде шілде айына төленетін әлеуметтік жәрдемақыға өтініш қабылдау басталғаны туралы тарап жатқан ақпарат – жалған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Мессенджер мен әлеуметтік желілерде 42 500 теңгеге өтініш қабылдауға арналған сайт іске қосылғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемге өтініш қабылдау үшін сайт іске қосылғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

Қазір еңбек министрлігі карантинге байланысты кірісінен айырылған азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде.

Тағы оқыңыз: 42 500 теңгені қайта қарап, балалы отбасыларға қосымша ақша төлеу ұсынылды

Ведомство өтініштерді 17 шілдеден қабылдауды жоспарлап отыр. Біржолғы төлем тағайындау 20 шілдеден басталмақ.

Министрлік қазақстандықтардан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұрады. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын ескертті.

Мемлекет басшысы табысынан айырылған азаматтарға шілде айына ең төменгі жалақы мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тапсырды. 42 500 теңге карантинге байланысты ақысыз демалысқа шыққан жалдамалы жұмысшыларға, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға беріледі.

4270
Кілт сөздер:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, біржолғы төлем, жалған ақпарат, карантин
Тақырып бойынша
Карантин жыл соңына дейін ұзарса, 42 500 теңге төлеу жалғаса ма – министр жауабы
42 500 теңге: жалдамалы жұмысшылар үшін жұмыс беруші өтініш береді
Декретте отырған аналарға 42 500 теңге төлене ме?
42 500 теңгеге қалай өтініш беруге болады
Ескі электроесептеуіш

Маман үйдегі розетканың адамға қандай қауіп төндіретінін айтты

11
(Жаңартылды 11:16 30.11.2020)
Электромагниттік сәулелер эндокриндік, жүрек-қан тамырлары және иммундық жүйеге зақым келтіруі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. "Экология жизненного пространства" зертханасының директоры, эколог-сарапшы Антон Ястребцев электромагниттік сәуленің зиянын қалай азайтуға болатынын айтты.

"Адам электромагниттік сәулелермен үнемі ұшырасады. Ол бірте-бірте орталық жүйке жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін. Эндокриндік, жүрек-қан тамырлары және иммундық жүйеге зақым келтіруі ғажап емес. Электромагниттік сәулелерден құтылу қиын, өйткені біздің айналамыз электр құрылғыларына толы, алайда оның теріс әсерін барынша азайтуға болады", - деді Ястребцев Sputnik радиосына берген сұқбатында.

Айтуынша, бұл үшін розетканы жерге тұйықтау қажет. Әйтпесе, тоққа қосылған кез келген құрылғы электромагниттік сәулелердің көзіне айналады.

Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, катушкаға оралған ұзартқыштан шығатын электромагниттік сәулелердің де әсері өте күшті. Сондықтан оны сымдары шатасып кетпес үшін орамаған абзал және бір мезетте бірнеше құрылғы қосуға болмайды.

Маман пәтердегі сәулеленудің ең күшті көзі электр қалқанынан тартылған сыртқы кабель екенін атап өтті.

11
Құлаққап, телефон

Құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай қолдану қажет дәрігер кеңесі

149
(Жаңартылды 10:36 30.11.2020)
Дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған. Дәрігер құлаққап таққан кезде дыбыс деңгейінің қандай болуы қажет екенін айтты

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников құлаққаптың адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қауіпсіз құлаққап болмайды. Қауіпсіз – бұл 80 децибел, ал құлаққаптарда 100 және 120 децибел болуы мүмкін", - дейді Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде.

Дәрігердің айтуынша, адам құлаққапты үш-төрт жыл қолданғаннан кейін есту қабілеті нашарлай бастайды.

Осыған байланысты дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған.

Ал құлаққап тағып жүрген кезде адам өз даусы мен жанындағы адамның сөзін еститіндей болса, бұл қалыпты болып саналады. Ал басқа жағдайда дыбысты бәсеңдету керек. Сондай жағдайда құлаққаптар аз зиян келтіреді.

149
Кілт сөздер:
пайдалы кеңес, дәрігер, есту қабілеті
Тақырып бойынша
Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет - маман кеңесі
Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті
Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты
Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады
Шымкенттікті телефонның "зарядкасынан" тоқ соқты: жігіт тіл тартпай кетті   

Ақтаудан Стамбұлға шыққан ұшақ қайта оралуға мәжбүр болды

2
Рейсті орындау кезінде жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген. Ақтауда жолаушыны медициналық қызмет мамандары қарсы алды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша — Sputnik. Стамбұлға аттанған жолаушылар ұшағы Ақтауға қайта оралды. Борттағы жолаушының денсаулығына байланысты осындай шешім қабылданды, деп хабарлады SCAT компаниясы Sputnik Қазақстанға.

"Рейсті орындау кезінде жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген. Әуе кемесінің командирі Ақтауға қайта оралу керек деп шешті. Жолаушыны медициналық қызмет мамандары қарсы алды. Тиісті процедуралардан кейін ұшақ Стамбұлға аттанды. Жолаушылардың қауіпсіздігі - біз үшін басты назарда", - деді әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Бұған дейін ұшу-қону жолағында мұз қатуына байланысты Air Astana ұшағы Орал қаласында қона алмағаны хабарланған болатын. Рейс бағытын өзгертуге тура келді. Әуе кемесі командирінің шешімі бойынша ұшақ Ақтөбе әуежайына қонды.

Тағы оқыңыз: Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді

2
Кілт сөздер:
ұшақ, Стамбул, Ақтау
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар желіде "у шашқан" ұшақтың видеосын таратып жатыр
Бортта 115 жолаушы болған: Атырауда бір топ құс ұшаққа соғылды – видео
Алматыға шыққан ұшақ екі сағаттан соң Атырауға қайта оралды
Жеке ұшақ, қымбат көлік, бірнеше коттедж: Ертаев пен Ибрагимнің мүлкі тәркіленді
Испан кемпірқосағы мен отқа оранған ұшақ: Aerial Photography Awards 2020 үздік суреттері