Ақша, архивтегі фото

42 500 теңге: министрлік декретте жүрген әйелдерге қатысты шешім қабылдады

8483
(Жаңартылды 15:27 16.07.2020)
Декретте отырған әйел жұмысқа шығып, карантинге байланысты ақысыз демалысқа жіберілсе, жәрдемақы алады, деп түсіндірді Нұрымбетов  

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов декретте жүрген аналардың баласы бір жасқа толмаған болса, 42 500 теңгеге өтініш бере алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Декретте отырған аналар сәбиі бір жасқа толғанға дейін мемлекеттен немесе сақтандыру қорынан жәрдемақы алып жүреді. Сондықтан бала бір жасқа толғанға дейін олар 42 500 теңгеге үміттене алмайды. Ал енді бір жастан асса, бұл жерде өз жағдайына байланысты. Егер жұмысқа шығып, карантинге байланысты ақысыз демалысқа жіберілсе, әрине, жәрдемақы ала алады", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте. 

Оқи отырыңыз: Желіде 42 500 теңгеге қатысты жалған ақпарат тарап жатыр 

Сонымен қатар, жеке кәсіппен айналысатын немесе бірыңғай жиынтық төлемін тұрақты төлеп жүрген, ал қазір жұмыссыз қалған аналар 42 500 теңгеге өтініш бере алады. 

8483
Кілт сөздер:
жәрдемақы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (865)
Тақырып бойынша
42 500 теңге алу үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеу қажет пе?
Карантин 2 тамызға дейін ұзартылды
Еңбек министрі 42 500 теңгені төлеу қашан басталатынын айтты
42 500 теңге: министр өтініш қашан қабылдана бастайтынын айтты
42 500 теңгені қайта қарап, балалы отбасыларға қосымша ақша төлеу ұсынылды
Игорь Сон

Олимпиада жүлдегері Игорь Сон мемлекет беретін қаржыны інісінің еміне жұмсайтынын айтты

562
Игорь Сон мүгедек бауырын аяққа тұрғызу үшін қолындағы қаржысын аямайтынын жеткізді

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарының "қола" жүлдегері Игорь Сон мемлекет тарапынан берілетін қаржыны қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Менің інім церебралды сал ауруымен ауырады, мүгедек. Отбасым Оңтүстік Кореяға емделу үшін кетті. Қазір әкем мен анам, ағам мен інім – барлығы Кореяда", - деді Игорь Сон Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

Олимпиада жүлдегері мемлекет тарапынан берілетін қаржыны сол інісінің еміне жұмсайтынын айтты.

"Менің міндетім – алдымен бауырымды аяққа тұрғызу. Інімнің емінен қалған қаржыға өмір сүремін", - деді ауыр атлетші.

Қазақстанда Олимпиада чемпионына 250 мың доллар, күміс жүлдегерге 150 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар беріледі.

Айта кетейік, Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтып алды. Ол жарыс кезінде барлығы 294 (131+163) килограмм көтерді.

562
Алия Назарбаева

Назарбаевтың кенже қызы алғашқы кітабында не туралы жазғанын айтты

1989
(Жаңартылды 19:57 30.07.2021)
Әлия Назарбаева кітапта өзінің өмірлік ұстаздарының аты-жөнін атап, отбасы туралы әңгімелеуге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева өзінің алғашқы кітабын жазып бітірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

"Қарапайым тілмен және жақсы ниетпен жазылған алғашқы кітабымды аяқтадым. Мен бір кездері бағалаған, жақсы көрген және осы күнге дейін жақсы көретін нәрселерді оқиғалар мен баяндау арқылы жеткізуге тырысып бақтым. Кітапта балалық шағым туралы, әпкем Динараның қалай менімен әлек болғанын, әкеммен не жайлы ұзақ сөйлескеніміз туралы, анамның кеңестері қалай көмектесіп, күш бергенін айтамын", - деп жазды Әлия Назарбаева өзінің Instagram парақшасында.

Ол "Место Силы" кітабынан оқырмандар оның ұстаздары туралы, достықта нені жоғары бағалайтынын, нені кешіріп, не үшін кешірім сұрай алатыны жөнінде білетінін атап өтті.

"Мен балаларымды қатты жақсы көремін және олардың кез келген таңдауын қолдаймын, бұл туралы кітапта жаздым және оны бұрын еш жерде жарияланбаған фотосуреттер арқылы білдірдім", - деді ол.

Назарбаева "Место Силы" кітабы қазір баспада басылып жатқанын хабарлады.

1989
Кілт сөздер:
Әлия Назарбаева, кітап, Назарбаев
Барымташылар. Уақыт жолдары фильмінің кадры

Қазақстандық фильм Францияда көрсетіле бастады

0
Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың фильмі Францияның 20 қаласында көрсетіледі. Қазақстанда бұл кино қыркүйекте үлкен экраннан көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі 29 шілдеден бастап франциялық көрерменнің назарына ұсынылды және ол 20-дан астам қалада көрсетіледі, деп жазды Қазақфильм Instagram парақшасында.

"Бұл мен үшін өте қызықты және қуанышты жағдай. Жапон режиссерімен бірге түсірілген фильм әлемдік кинематограф отанында көрсетіледі. Мұндай айтулы оқиға менің өмірімде бірінші рет болып тұр", - деді туынды режиссерлерінің бірі Ерлан Нұрмұхамбетов.

Сонымен қатар фильмнің екінші режиссері – жапон Лиза Такабэ. Басты рөлдерді Самал Еслямова, Адия Мусина, Мираи Морияма және тағы басқалар сомдаған. Ерлан Нұрмұхамбетов сондай-ақ сценарий авторы екенін де атап өту керек.

"Қазақфильм" мен "Tokyo New Cinema" жапон компаниясы бірлесіп түсірген "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі барымташылардың бір үйдің отағасын өлтіруі салдарынан басына күн туған отбасының бастан кешірген оқиғасын баяндайды. Әкесінің өліміне қабырғасы қайысқан 12 жастағы Олжас өзінің және кішкентай қарындастарының басына түскен сынаққа төтеп беруге мәжбүр болады. Алайда үміт үзілген шақта бейтаныс біреу оларға көмектесе бастайды.

Аталған фильм осы жылдың қыркүйегінде отандық кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.

0