Қоғам

Алматыға Ресейден 21,5 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

© Photo : SCAT AirlinesМедпрепараты из России доставлены в Нур-Султан
Медпрепараты из России доставлены в Нур-Султан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан үкіметінің тапсырысымен тағы 12 тонна препарат Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіледі деп жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Алматыға коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеуге арналған 21,5 тоннадан астам дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар жеткізілді. Рейсті қазақстандық SCAT авиакомпаниясы жүзеге асырды.

Ал дәрі-дәрмектер Ресей Федерациясынан жеткізілді.

"17 шілдеге қараған түні Алматыға 21,5 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар жеткізілді. Сондай-ақ, 18 шілде күні Нұр-Сұлтанға 12 тоннаға жуық дәрі-дәрмек жеткізіледі. Арнайы рейстер Қазақстан үкіметінің тапсырысымен орындалуда",– деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 11 шілдеде аталған авиакомпания Ақтауға 11 медициналық маман мен оттегі генераторларын жеткізген болатын.

Оқи отырыңыз: Түркиядан келген гуманитарлық көмек қысқа мерзім ішінде рәсімделді

Жаңалықтар
0