НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Әкімдік елорда тұрғындарына карантин аяқталғанға дейін қалада 23.00-ден кейін жаяу жүруге тыйым салынды деген ақпаратты жоққа шығарды.
Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында осындай шара қарастырылғаны хабарланған болатын. Бірнеше сағаттан кейін әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бас санитар дәрігердің қаулысындағы шектеулердің кейбірі қабылданбады. Сағат 23:00-ден соң жаяу жүруге тыйым салу солардың қатарында", - деді елорда әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.
Қаулыға сәйкес, 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа қоғамдық орындарда жүруі шектеліп отыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды
Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын, форумдар, конференциялар, семинарлар мен жиналыстарды өткізуге сол күйі тыйым салынады.
Табиғат аясына, экскурсияға топпен шығуға және рұқсат етілмеген жағажайларда шомылуға болмайды.
Жұмысқа барып-келуге, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда, скверлер мен жағалауларда жалғыз немесе үш адамнан аспайтын топпен серуендеуге рұқсат етіледі.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 584 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
23 қаңтарда республика бойынша 1 584 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсетті.
Оның ішінде:
Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 176 974 адамға жетті.
НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. "Қазақстан темір жолының" төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақаттанды.
Әлеуметтік желі мен БАҚ-та Мыңбаев омыртқа жарақатын алып, ауруханаға түскені туралы хабар шықты.
Компанияның баспасөз қызметі оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деді.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта емделіп жатыр. Денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.
Сауат Мыңбаев 2018 жылдың қараша айынан бері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының төрағасы қызметін атқарып келеді.
Ол 1962 жылы 19 қарашада бұрынғы Талдықорған облысы Үшарал ауылында дүниеге келген. Түрлі жылдары қаржы министрінің орынбасары, қаржы министрі, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министр орынбасары лауазымында болды.
Мыңбаев индустрия және сауда министрі, энергетика және минералды ресурстар министрі, мұнай және газ министрі қызметтерін де атқарған. 2013-2018 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болды. Қазіргі уақытта "Қазақстан темір жолына" басшылық етеді.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Әбу-Дабиде өткен UFC 257 турнирінде швед қарсыласынан жеңіліп қалды.
Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа созылды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Амир Альбазиге берді.
"Тартысты жекпе-жекте Жалғас Жұмағұлов Амир Альбазиге есе жіберді", - деп хабарлады UFCRussia Instagram-да.
Осылайша Жалғас аралас жекпе-жекте 13 рет жеңіске жетіп, бес кездесуін жеңіліспен аяқтады. Жұмағұлов UFC-ге алғаш рет өткен жылдың жазында шықты. Ол төрешілер шешімімен бразилиялық Раулиан Пайведен жеңілді, алайда бұл шешім көпшілік арасында дау тудырған еді.Еске салсақ, UFC 257 турнирінің басты оқиғасы – ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье арасындағы жеңіл салмақтағы реванш.