Перзентхана, архивтегі фото

Коронавирустан қанша жүкті әйел қайтыс болғаны белгілі болды

382
Қазақстанда 40-қа жуық жүкті әйел коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болды, деп мәлімдеді денсаулық сақтау вице-министрі

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирустан қайтыс болған жүкті әйелдердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде коронавирустан көз жұмған бала тіркелмеді. Сәби шетінемеді. Алайда жүкті әйелдер арасында коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болғандар бар. 40 адамдай қайтыс болды", - деді Ғиният онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Балада коронавирус белгілері байқалса не істеу қажет?

Осы орайда тілшілер жүкті әйелдердің қазасына тағы бір сұрақ қойды. "Дәл осы коронавирусты жұқтырып, кейін босану кезінде қайтыс болғандар бар ма?", - деп сұрады журналистер. Вице-министр: "иә", - деп қысқа ғана жауап берді.  

382
Кілт сөздер:
жүкті әйел, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2554)
Тақырып бойынша
Ақтөбеде COVID-19 жұқтырған жүкті әйел қайтыс болды
Атырауда коронавирус жұқтырған екі әйел босанды
Қазақстанда әйелдер түрмесінен коронавирус табылды
Нұр-Сұлтанда отбасылық мерекеден кейін ешкім күтпеген оқиға болды
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер мен балалар ауруханада жатыр
Игорь Сон

Олимпиада жүлдегері Игорь Сон мемлекет беретін қаржыны інісінің еміне жұмсайтынын айтты

468
Игорь Сон мүгедек бауырын аяққа тұрғызу үшін қолындағы қаржысын аямайтынын жеткізді

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарының "қола" жүлдегері Игорь Сон мемлекет тарапынан берілетін қаржыны қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Менің інім церебралды сал ауруымен ауырады, мүгедек. Отбасым Оңтүстік Кореяға емделу үшін кетті. Қазір әкем мен анам, ағам мен інім – барлығы Кореяда", - деді Игорь Сон Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

Олимпиада жүлдегері мемлекет тарапынан берілетін қаржыны сол інісінің еміне жұмсайтынын айтты.

"Менің міндетім – алдымен бауырымды аяққа тұрғызу. Інімнің емінен қалған қаржыға өмір сүремін", - деді ауыр атлетші.

Қазақстанда Олимпиада чемпионына 250 мың доллар, күміс жүлдегерге 150 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар беріледі.

Айта кетейік, Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтып алды. Ол жарыс кезінде барлығы 294 (131+163) килограмм көтерді.

468
Алия Назарбаева

Назарбаевтың кенже қызы алғашқы кітабында не туралы жазғанын айтты

1751
(Жаңартылды 19:57 30.07.2021)
Әлия Назарбаева кітапта өзінің өмірлік ұстаздарының аты-жөнін атап, отбасы туралы әңгімелеуге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева өзінің алғашқы кітабын жазып бітірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

"Қарапайым тілмен және жақсы ниетпен жазылған алғашқы кітабымды аяқтадым. Мен бір кездері бағалаған, жақсы көрген және осы күнге дейін жақсы көретін нәрселерді оқиғалар мен баяндау арқылы жеткізуге тырысып бақтым. Кітапта балалық шағым туралы, әпкем Динараның қалай менімен әлек болғанын, әкеммен не жайлы ұзақ сөйлескеніміз туралы, анамның кеңестері қалай көмектесіп, күш бергенін айтамын", - деп жазды Әлия Назарбаева өзінің Instagram парақшасында.

Ол "Место Силы" кітабынан оқырмандар оның ұстаздары туралы, достықта нені жоғары бағалайтынын, нені кешіріп, не үшін кешірім сұрай алатыны жөнінде білетінін атап өтті.

"Мен балаларымды қатты жақсы көремін және олардың кез келген таңдауын қолдаймын, бұл туралы кітапта жаздым және оны бұрын еш жерде жарияланбаған фотосуреттер арқылы білдірдім", - деді ол.

Назарбаева "Место Силы" кітабы қазір баспада басылып жатқанын хабарлады.

1751
Кілт сөздер:
Әлия Назарбаева, кітап, Назарбаев
Сириядағы журналистер. Архивтегі фото

Халед әл-Хатыб атындағы халықаралық сыйлыққа өтінім қабылдау басталды

0
(Жаңартылды 21:39 30.07.2021)
Жүлде 2017 жылы Сирияда қаза тапқан журналист Халед әл-Хатыбты еске алу үшін тағайындалған

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. RT телеарнасы журналистерге қақтығыс аймағында дайындаған үздік жұмысы үшін берілетін жыл сайынғы Khaled Alkhateb International Memorial Awards халықаралық сыйлығына өтінім қабылдауды бастады. 

Сыйлық 2017 жылы 30 шілдеде Сирияда қаза тапқан журналист Халед әл-Хатыбты еске алу үшін тағайындалған. Биыл бұл жүлде төртінші рет өткізіліп отыр.

Халед әл-Хатыб атындағы Халықаралық сыйлық төмендегі аталымдар бойынша беріледі:

  • "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс: мәтін";
  • "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс: видео";
  • "Соғыстан кейін: мәтін/видео" - соғысты бастан өткерген және бейбіт өмірге оралған адамдардың және тұтас халықтың тағдыры туралы. Номинация алғаш рет ұсынылып отыр.   

Khaled Alkhateb International Memorial Awards — 2021 жүлдесінің жеңімпаздары 200 мың рубль көлемінде ақшалай сыйлық алады.

https://award.rt.com сайтында өтінім беруге болады. Жеңімпаздар 30 қарашада анықталады.

Алғашқы жылы Ирак, Ирландия және Сингапурдан қатысқан журналистер марапатталды. Қазылар алқасының құрамында шетелдік және ресейлік журналистер, оның ішінде Ирада Зейналова мен Евгений Поддубный болды.

2019 жылы 25 елден жолданған жұмыстар қаралды.

Сириядағы, Ирактағы және Ливиядағы қақтығыстар туралы айтқан Ресей, АҚШ, Италия және Үндістанның өкілдері лауреат атанды. 2020 жылы RT сыйлығын Ресей, Сирия және Үндістанның әскери корреспонденттері алды.

RT телеарнасы RT Arabic-пен ынтымақтастық орнатқан 25 жастағы журналист Халед әл-Хатыбты еске алуға арналған Khaled Alkhateb International Memorial Awards сыйлығын тағайындады.

Ол 2017 жылы Сирияның Хомс провинциясындағы содырлардың зымыран шабуылы салдарынан қаза тапты. Халед өз репортаждарында Сирияның үкіметтік күштерінің террористермен соғысын көрсетті.

0