Қоғам

Қазақстан елшілігі Грузияның сыртқы істер министрлігіне нота жолдады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуГрузия
Грузия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
13 жасар қазақстандық Илья Пилпани 18 шілде күні Местий ауданында (Самегрело – Земо Сванети өңірі) жоғалып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Қазақстанның Грузиядағы елшілігі Грузияның сыртқы істер министрлігіне 13 жасар қазақстандықтың жоғалуына байланысты нота жолдады. 

Жасөспірім велосипед тебуге шығып, әлі күнге дейін оралмаған. Оның жоғалғаны туралы төтенше жағдайларды басқару қызметіне 19 шілде күні хабар түсті. Соңғы рет Ильяны Ленджери ауылында көрген.

"Біз Грузияның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдадық. Кейін ол елдің ішкі істер министрлігіне жіберіледі", - деп хабарлады Sputnik Грузияға елшіліктегілер. 

Қазақстандықты полиция, 80-ге жуық құтқарушы, криминалды полиция қызметкерлері мен ондаған жергілікті тұрғын іздеп жатыр. Тікұшақ пен дрон қолданылуда.

Жергілікті телеарнаның ақпаратына сәйкес, Ильяны Қара теңіз жағалауындағы Уреки және Анаклия ауылдарында іздестіріп жатыр. Өйткені әкесі бала осы ауылдарды білетінін айтқан.

Илья Пилпани
Қазақстан елшілігі Грузияның сыртқы істер министрлігіне нота жолдады - Sputnik Қазақстан
Илья Пилпани

Илья Пилпани – Қазақстан азаматы. Қысқы демалыста Алматыдан әкесінің туыстарына қонаққа барған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанға орала алмай, Грузияда қалды.

 

Жаңалықтар
0