Қоғам

Қазақстандықтарды дүрліктірген оқиға: Тоқаев тапсырма берді

© Photo : сайт АкордыКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақталғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты президент әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізді",- деп жазды ол фейсбукте.

Ол дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақталғанын атап өтті. Тәртіпсіздіктің қайталануына ешқандай себеп жоқ.

Сәтбаевтағы толқу: министр Тұрғымбаев мән-жайды баяндады

Тоқаев жағдайды бақылауда ұстап, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырған.

Сонымен қатар, президент екі облыстағы халықтың ең басты әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне назар аудару керек екенін айтты.

"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты 

"Ал құқық қорғау органдарына кәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының тұрғынына қатысты тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп, оның қорытындысы туралы жұртшылыққа нақты ақпарат беру туралы тапсырма берді", - деді Уәли.

Сәтбаевтағы толқу

24 шілдеге қараған түні Сәтбаев қаласында тәртіпсіздіктер басталды. Оған жоғалған 5 жасар қыздың белгісіз ер адамның пәтерінен табылуы себеп болған.

Бүлдіршінді бүкіл қаладан іздеді. Бала табылғаннан кейін күдікті тұратын үйдің маңына бір топ адам жиналды. Олар күдіктіні өздері жазаламақ болған.

Ашулы топ барлық пәтердің есігін қағып, тұрғындардың зәресін ұшырған. 

Халық толқуын басу үшін қалаға Ұлттық ұлан күштері тартылды.

Содан кейін жиналғандар күдіктіні беруді талап етіп, қалалық әкімдікке қарай бет алды.

Қала билігі бала анасының қасында екенін мәлімдеді және тұрғындарды арандатушылыққа ермеуге шақырды.

Таңға қарай қалада жағдай тұрақталды.

Ер адам бүлдіршінді ұрлап, зорлады деп айыпталып отыр. Тергеу жүргізілуде.

Шорнақтағы тәртіпсіздік

21 шілдеге қараған түні Түркістан облысы Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжал болған.

Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, салдарынан 1 учаскелік инспектор мен 3 тұрғын жарақат алды.

Жедел іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысы бар 4 адам ұсталды.

Бұзақылық және билік өкіліне күш қолдану фактілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ішкі істер министрі елді мекенде жағдай тұрақталғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0