Дәрігерлер, архивтегі сурет

2 млн теңге алады - дәрігерлерге өтемақы беру тәртібі өзгерді 

2177
Комиссия үш жұмыс күні ішінде отбасы мүшелеріне қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесін береді және өтініш беру қажеттігін хабарлайды. Ал коронавирустан немесе вирустық пневмониядан жазылып шыққан медицина маманы өтінішті өзі береді

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған және одан қайтыс болған дәрігерлерге өтемақы беру тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Денсаулық және еңбек министрлерінің бірлескен бұйрығына сәйкес, енді коронавируспен ғана емес, вирустық пневмониямен ауырған және одан қайтыс болған медицина мамандарына да өтемақы төленеді. Бірақ ауруды жұқтыру дерегі эпидемияға қарсы күрес шаралары кезінде тіркелуі шарт. Ал пневмонияның клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас болуы қажет. 

Өтемақы кімге беріледі

Бұйрықта өтемақы берілетін медицина мамандарының тізімі көрсетілген. Олар: 

  1. реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың және COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін айқындалған басқа да стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне; 
  2. провизорлық стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне, жедел медициналық көмектің, оның ішінде амбулаториялықемханалық ұйымдар жанындағы дәрігерлер мен фельдшерлерге, сондай-ақ санитариялық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне;
  3.  карантиндік стационар дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне, жедел медициналық көмек бригадаларының жүргізушілеріне, сондай-ақ зертхана мамандарына, санитариялық-эпидемияға қарсы қызметтің қызметкерлеріне, жедел респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шаралармен байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған ұйымдардың қабылдау бөлімдерінің қызметкерлеріне, сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ қызметкер жұқтыру (сырқаттану) салдарынан қайтыс болған жағдайда оның отбасына беріледі.

Өтемақы мөлшері қандай

Барлық өтемақы мемлекеттік сақтандыру қорнынан төленеді. Атап айтқанда, медицина маманы COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмонияға шалдыққан жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде өтемақы төленеді. Ал осы аурулардан қайтыс болса, оның отбасы мүшелеріне 10 миллион теңге беріледі. 

Өтініш қалай беріледі

Комиссия үш жұмыс күні ішінде отбасы мүшелеріне қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесін береді және өтініш беру қажеттігін хабарлайды. Ал коронавирустан немесе вирустық пневмониядан жазылып шыққан медицина маманы өтінішті өзі береді. Оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына тапсырады.

Комиссия қайтыс болу туралы куәлікті алғаннан кейін коронавирустан немесе вирустық пневмониядан қайтыс болған қызметкердің отбасы мүшелерінің тізімін жасайды. Оны денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары немесе Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.

 

2177
Кілт сөздер:
дәрігерлер, коронавирус, өтемақы
Тақырып бойынша
"Мұндайды ешқашан көрген емеспін": медбике ауруханадағы жағдай туралы ашық айтты
"Сонда не үшін керекпіз?!": павлодарлық медбике қазақстандықтарға үндеу жасады 
Видеоға түсірді: коронавирус жұқтырған медбике қалай қиналып жатқанын көрсетті
"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді
"Олар үшін мен ұялдым": елордалық медбике изолятордағы "өмір" туралы айтып берді
Игорь Сон

Олимпиада жүлдегері Игорь Сон мемлекет беретін қаржыны інісінің еміне жұмсайтынын айтты

540
Игорь Сон мүгедек бауырын аяққа тұрғызу үшін қолындағы қаржысын аямайтынын жеткізді

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарының "қола" жүлдегері Игорь Сон мемлекет тарапынан берілетін қаржыны қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Менің інім церебралды сал ауруымен ауырады, мүгедек. Отбасым Оңтүстік Кореяға емделу үшін кетті. Қазір әкем мен анам, ағам мен інім – барлығы Кореяда", - деді Игорь Сон Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

Олимпиада жүлдегері мемлекет тарапынан берілетін қаржыны сол інісінің еміне жұмсайтынын айтты.

"Менің міндетім – алдымен бауырымды аяққа тұрғызу. Інімнің емінен қалған қаржыға өмір сүремін", - деді ауыр атлетші.

Қазақстанда Олимпиада чемпионына 250 мың доллар, күміс жүлдегерге 150 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар беріледі.

Айта кетейік, Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтып алды. Ол жарыс кезінде барлығы 294 (131+163) килограмм көтерді.

540
Алия Назарбаева

Назарбаевтың кенже қызы алғашқы кітабында не туралы жазғанын айтты

1939
(Жаңартылды 19:57 30.07.2021)
Әлия Назарбаева кітапта өзінің өмірлік ұстаздарының аты-жөнін атап, отбасы туралы әңгімелеуге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева өзінің алғашқы кітабын жазып бітірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

"Қарапайым тілмен және жақсы ниетпен жазылған алғашқы кітабымды аяқтадым. Мен бір кездері бағалаған, жақсы көрген және осы күнге дейін жақсы көретін нәрселерді оқиғалар мен баяндау арқылы жеткізуге тырысып бақтым. Кітапта балалық шағым туралы, әпкем Динараның қалай менімен әлек болғанын, әкеммен не жайлы ұзақ сөйлескеніміз туралы, анамның кеңестері қалай көмектесіп, күш бергенін айтамын", - деп жазды Әлия Назарбаева өзінің Instagram парақшасында.

Ол "Место Силы" кітабынан оқырмандар оның ұстаздары туралы, достықта нені жоғары бағалайтынын, нені кешіріп, не үшін кешірім сұрай алатыны жөнінде білетінін атап өтті.

"Мен балаларымды қатты жақсы көремін және олардың кез келген таңдауын қолдаймын, бұл туралы кітапта жаздым және оны бұрын еш жерде жарияланбаған фотосуреттер арқылы білдірдім", - деді ол.

Назарбаева "Место Силы" кітабы қазір баспада басылып жатқанын хабарлады.

1939
Кілт сөздер:
Әлия Назарбаева, кітап, Назарбаев
Барымташылар. Уақыт жолдары фильмінің кадры

Қазақстандық фильм Францияда көрсетіле бастады

0
Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың фильмі Францияның 20 қаласында көрсетіледі. Қазақстанда бұл кино қыркүйекте үлкен экраннан көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі 29 шілдеден бастап франциялық көрерменнің назарына ұсынылды және ол 20-дан астам қалада көрсетіледі, деп жазды Қазақфильм Instagram парақшасында.

"Бұл мен үшін өте қызықты және қуанышты жағдай. Жапон режиссерімен бірге түсірілген фильм әлемдік кинематограф отанында көрсетіледі. Мұндай айтулы оқиға менің өмірімде бірінші рет болып тұр", - деді туынды режиссерлерінің бірі Ерлан Нұрмұхамбетов.

Сонымен қатар фильмнің екінші режиссері – жапон Лиза Такабэ. Басты рөлдерді Самал Еслямова, Адия Мусина, Мираи Морияма және тағы басқалар сомдаған. Ерлан Нұрмұхамбетов сондай-ақ сценарий авторы екенін де атап өту керек.

"Қазақфильм" мен "Tokyo New Cinema" жапон компаниясы бірлесіп түсірген "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі барымташылардың бір үйдің отағасын өлтіруі салдарынан басына күн туған отбасының бастан кешірген оқиғасын баяндайды. Әкесінің өліміне қабырғасы қайысқан 12 жастағы Олжас өзінің және кішкентай қарындастарының басына түскен сынаққа төтеп беруге мәжбүр болады. Алайда үміт үзілген шақта бейтаныс біреу оларға көмектесе бастайды.

Аталған фильм осы жылдың қыркүйегінде отандық кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.

0