НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Алматы облысының полицейлері қыз алып қашқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желідегі "Не молчи KZ" парақшасында жарияланған аудио жазба авторы жол бойында қыз алып қашу оқиғасының куәгері болғанын баяндайды.
Оның айтуынша, күміскүлгін түсті Audi көлігіне бірнеше ер адам қызды күштеп мінгізіп, белгісіз бағытқа алып кеткен.
Бұл туралы куәгерлер полицияға хабарлап, шетелдік көлікті іздеуге атсалысқан. Кейін құқық қорғау органдарының өкілдері күдіктілерді ұстағаны белгілі болды.
Іздеу жарияланған көлік Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының маңында тоқтатылды. Бес ер адам полицияға жеткізілген. Олардың бірі қызға үйлену үшін алып қашқанын айтқан.
Оқи отырыңыз: БҰҰ қыз алып қашу дәстүріне қарсы шықты
Қазіргі кезде жәбірленуші босатылды. 28 жастағы Талғар ауданының тұрғыны полицияға арыз жазған.
Күдіктілерден жауап алу және факт бойынша материал жинау жалғасуда.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 584 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
23 қаңтарда республика бойынша 1 584 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсетті.
Оның ішінде:
Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 176 974 адамға жетті.
НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. "Қазақстан темір жолының" төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақаттанды.
Әлеуметтік желі мен БАҚ-та Мыңбаев омыртқа жарақатын алып, ауруханаға түскені туралы хабар шықты.
Компанияның баспасөз қызметі оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деді.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта емделіп жатыр. Денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.
Сауат Мыңбаев 2018 жылдың қараша айынан бері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының төрағасы қызметін атқарып келеді.
Ол 1962 жылы 19 қарашада бұрынғы Талдықорған облысы Үшарал ауылында дүниеге келген. Түрлі жылдары қаржы министрінің орынбасары, қаржы министрі, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министр орынбасары лауазымында болды.
Мыңбаев индустрия және сауда министрі, энергетика және минералды ресурстар министрі, мұнай және газ министрі қызметтерін де атқарған. 2013-2018 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болды. Қазіргі уақытта "Қазақстан темір жолына" басшылық етеді.
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Әбу-Дабиде өткен UFC 257 турнирінде швед қарсыласынан жеңіліп қалды.
Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа созылды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Амир Альбазиге берді.
"Тартысты жекпе-жекте Жалғас Жұмағұлов Амир Альбазиге есе жіберді", - деп хабарлады UFCRussia Instagram-да.
Осылайша Жалғас аралас жекпе-жекте 13 рет жеңіске жетіп, бес кездесуін жеңіліспен аяқтады. Жұмағұлов UFC-ге алғаш рет өткен жылдың жазында шықты. Ол төрешілер шешімімен бразилиялық Раулиан Пайведен жеңілді, алайда бұл шешім көпшілік арасында дау тудырған еді.Еске салсақ, UFC 257 турнирінің басты оқиғасы – ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье арасындағы жеңіл салмақтағы реванш.