Архивтегі фото

Абзал Құспан педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге қарсы шықты

2220
Адвокаттың пікірінше, Қазақстанның құқық қорғау жүйесі, оның ішінде сот қызметінің сапасы сын көтермейді, соның салдарынан жазықсыз адамдар істі болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Белгілі қазақстандық адвокат Абзал Құспан педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге неге қарсы екенін түсіндірді.  

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Ең негізгі сұрақ өлім жазасын енгізуге қатысты: қарсымын, себеп: Қазақстанның құқық қорғау жүйесі, оның ішінде сот қызметінің сапасы сын көтермейді, соның салдарынан жазықсыз адамдар істі болу қаупі өте жоғары", - дейді Құспан.

Айтуынша, бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден, қылмыстың бәрі айқын сипатқа ие бола бермейді, тиісінше резонансты істерді қалайда ашу мақсатында құқық қорғау органдары іске қатысы жоқ адамды құрбан ете салуы мүмкін, деп санайды ол. Және оған олар саналы түрде барады.

"Әдетте, ондай адамдар (құрбан/жертва) не қаржысы, не ықпалды танысы (тірегі), тиісінше сұрауы жоқ қарапайым отбасы мүшелерінен таңдалып алынады. Ал сотымыз алдына келгенді соттай салатынына күмәніңіз болмасын! Екіншісі, қателік. Тергеуде де, сотта да адами фактор әсері тым жоғары",- дейді қорғаушы.

Үшіншісі, кәсібиліктің төмендігі немесе жоқтығы.

Абзал Құспан адам тағдыры таразыға салынар тұста, дүрмекке еріп, эмоцияға бой алдыруға болмайтынын атап өтті. Оның пікірінше, заңға өзгеріс енгізуде, ең бірінші кезекте, ғылыми негіздеме басшылыққа алынуы тиіс.

"Қылмыс адамзат жаралғалы пайда болған құбылыс, қияметке дейін жалғасады деп ойлаймын. Азаюы, көбеюі мүмкін, бірақ біржола жойылмайды-ау. Құранда да, Библияда да Адам ата мен Хауа анадан туған ағайынды Әбіл мен Қабыл бір-бірін өлтіреді емес пе?! Сондықтан ату жазасы енгізілсе, қылмыс тоқтап қалады деудің қисыны жоқ", - дейді ол.

Адвокат қылмыскердің табиғатына да тоқталды.

"Әдетте қылмыскер қылмыстық кодексті ашып "мен ұсталып қалсам, қандай жаза күтіп тұр, одан қалай құтыламын" деп отырмайды. Барлық қылмыскерге тән ортақ нәрсе – өздерін ешқашан ұстатпайтын Фантомас сезінеді. Әйтпесе, қазіргі өзгеріс бойынша ең кемі 10 жыл айрықша режимге сотталуға, кастрацияға ешқайсысы қуана қоймасы анық", - дейді Құспан.  

Қазақстандық қорғаушы елде педофилия көбейіп кетті деген пікірмен әзірге келіспейтінін жеткізді. Себеп –  еш жерде нақты дәлел-дәйек жоқ.

"Педофил – ол бірінші кезекте ауру адам, сосын барып қылмыскер! Сондықтан кез келген ауруды емдегендей оны емдеп, сосын жазасын беру керек, оның ішіне, әрине, кастрация да кіреді", - деп түйіндеді ойын адвокат.

Айта кетсек, Сәтбаевтағы атышулы оқиғадан кейін қазақстандықтар балалар зорлық-зомбылығы үшін жазаны күшейтуді, атап айтқанда, педофилдерді өлім жазасына кесуді талап етті.  

Былтыр президент сексуалдық зорлық-зомбылық, педофилия мен есірткі және адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жеке адамдарға, әсіресе, балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған еді.

Оқи отырыңыз: Облыс әкімі Сәтбаевта қызды ұрлау оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады 

Жаңа заң 2020 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. Оған сәйкес, 14 жасқа дейінгі балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Сәтбаевтағы толқу

24 шілдеге қараған түні Сәтпаев қаласында тәртіпсіздік болды. Оған жоғалған 5 жасар қыздың белгісіз ер адамның пәтерінен табылуы себеп болған.

Бүлдіршінді бүкіл қаладан іздеді. Бала табылғаннан кейін күдікті тұратын үйдің маңына бір топ адам жиналды. Олар күдіктіні өздері жазаламақ болған. Ашулы топ барлық пәтердің есігін қағып, тұрғындардың зәресін ұшырған.

Халық толқуын басу үшін қалаға Ұлттық ұлан күштері тартылды.

Содан кейін жиналғандар күдіктіні беруді талап етіп, қалалық әкімдікке қарай бет алды.

Таңға қарай қалада жағдай тұрақталды.

Ер адам бүлдіршінді ұрлап, зорлады деп айыпталып отыр. Тергеу жүргізілуде.

Зардап шеккен қыз ата-анасымен бірге, психологтар мен арнайы дәрігерлер отбасымен күнделікті байланыста отыр.

2220
Кілт сөздер:
Абзал Құспан, өлім жазасы
Тақырып бойынша
Тараздағы сұмдық: оқушы қызды дәретханада зорлаған педофилге сот үкімі шықты
Беларусьте екі қызды асқан қатігездікпен өлтірген қаскөй атылды
Он бір жыл бойы өлім жазасын күткен адам кінәсіз болып шықты
Алматы облысының тұрғыны өзін туған інісі зорлағанын айтты
Президент: Таразда болған оқиға – нағыз масқара
20 жылға сотталуы мүмкін: Қызылордада 29 жастағы жігіттің азғындық әрекеті әшкере болды
Планшетпен отырған бала, қашықтан оқыту

Министрлік ата-аналардың чатында тараған қауіпті ойын туралы ақпаратқа түсініктеме берді

222
Ата-аналардың үрейін туғызған компьютерлік ойын туралы хабарлама ішкі істер және ақпарат министрліктеріне жолданды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Ата-аналардың чатында балаларды суицидке итермелейтін танымал компьютерлік ойын туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан білім министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпаратты бірден өкілетті органға – ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдады. Олар бұл контентті зерделеп, бұғаттау мәселесін шешеді. Сондай-ақ, контенттің қауіпсіздігін тексеру үшін "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесіне орналастырдық, - делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған қоса, шындыққа жанаспайтын хабарлама таратқандарға шара қабылдау үшін ақпарат ІІМ-ге жіберілді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жалған ақпарат таратпауды және, қажет болған жағдайда, сенім телефонына хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 74-25-28 және +7 (778) 289-81-57.

Сонымен қатар, тәулік бойғы BALA QORGAU телеграм-чатына да жүгінуге болады.

Тағы оқыңыз: Зағипа Балиева әлеуметтік желілерде қауіпті топтар пайда болғанын ескертті

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Among Us ("Біздің арамызда") ойыны туралы ақпарат пайда болды. Анонимді аудиохабарламада ойынның балаларды суицидке итермелейтіні айтылған.

Among Us – қолданушылары көп компьютерлік ойын. Оны америкалық InnerSloth компаниясы әзірлеген. Ойын 2018 жылы 15 маусымда шықты. Ғарыш кемесіне "жиналған" ойыншылар екі командаға – экипаж мүшелері және сатқындар деп бөлінеді.

2018 жылы ойын қатты танымал болмаған еді, бірақ биыл Twitch пен YouTube-тің арқасында кең таралды.

222
Кілт сөздер:
оқушылар, ата-аналар, қауіпті ойын, Білім және ғылым министрлігі
Әли Тұрғанбеков пен Диего Марадона

Марадонамен кездескен қазақстандық бала: құшақтап жібермей тұрды

38
Қазақстандық Әли Тұрғанбеков өзінің кумирі Марадонамен кездесіп, онымен бірге алаңда футбол ойнаған болатын

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Екі аяқсыз дүниеге келген қазақстандық Әли Тұрғанбеков футболшы Диего Марадонаның қазасына қатысты жазба жариялады.

Әли 2018 жылы кумирімен кездесу туралы естеліктерін жазды.

"Менен қай кездесудің көбірек ұнағаны жайлы сұраған кезде, әрдайым футболдағы аңыз адам Диего Марадонамен болған кездесуді айтамын. Бұл ең алғашқы кездесу еді. Ол маған екі күнін арнады. Ең алғаш жаныма келіп, ол мені қатты құшақтап жібермей ұзақ тұрды. Мені жүз жыл танитын адамдай құшақтаған еді. Аяғын әрең басып жүргеніне қарамастан алаңға шығып, менімен футбол ойнады. Бұл алдын ала жоспарланбаған еді", - деп жазды Әли Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ali Turganbekov (@ali_amir_happy)

Сондай-ақ Марадонаның чемпионға тән мейірімді жан екенін жазды.

"Жатқан жерің жайлы болсын, қымбатты досым Диего Марадона! Ол мені жазбаларында досым деп атайтын", - деп жазды қазақстандық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Diego Maradona (@maradona)

2018 жылы Диего Марадона екі аяқсыз туған қазақстандық Әли Тұрғанбековпен кездесудің видеосын жариялады.

"Бүгін мен Фуджейрадағы (БАӘ) жаттығуға келген досым Әлимен бірге футбол ойнадым. Рақмет, Әли! Сіздің досыңыз Диего", - деп жазды Марадона.

Айта кетейік, 25 қазанда футболдан әлем чемпионы аргентиналық Диего Марадона 60 жасында дүниеден өтті.
Әйгілі спортшы 30 қазан күні медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген. Миына ота жасалды. Марадона 12 қарашада ауруханадан шықты.

30 қазанда Марадонаның 60 жасқа толуына орай Аргентина чемпионатының 1-турында оның командасы "Химнасия и Эсгрима" "Патронато" (3:0) матчы өтті. Сол күні әйгілі спортшы көпшілік алдына соңғы рет шықты. Матч басталмас бұрын оған естелік тақта сыйға тартылды. Марадонаның емделіп кетуіне алкогольдік және есірткіге тәуелділігі кедергі болғаны айтылды.

38
Кілт сөздер:
бала, қазақстандықтар, Диего Марадона
Тақырып бойынша
Аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона неден көз жұмғаны айтылды
Белгілі қазақстандық футболшы әрі бапкер қайтыс болды
Қазақстандық футболшы 25 жасында көз жұмды
Қазақстандық футболшы отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады
Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшы кім
Ат, архивтегі сурет

Мейрамханаға атпен кірді: жас жұбайлардың видеосы қызу талқыланып жатыр

0
Бұған дейін қазан айында жас жұбайлардың достары мен туыстары көшеде би билеу үшін жолдарды жапқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша - Sputnik. Өзбекстанда жас жұбайлар тойды ерекше өткізу үшін мейрамханаға атпен кірді.

Желіде осы тойдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Кейбір желі қолданушылары той Самарқанд ауданында болғанын жазып жатыр. 

Бұған дейін қазан айында үйлену тойын өткізу үшін Самарқандта жолдарды жапқан. Олардың достары мен туыстары көшеде би биледі.

Оқиғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Эпидемиямен күрес ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлейді.

0
Кілт сөздер:
видео, үйлену тойы, ат, Өзбекстан
Тақырып бойынша
"Мамамды шақырыңдар": Орал тұрғыны үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды
"Ойлаған жоқпын": Қазақстандағы үйлену тойы желіде қызу талқыланып жатыр – видео
Үйлену тойының фотосессиясы кезінде бірнеше адам көз жұмды: арасында қалыңдық та бар
Қалыңдықтың үйлену тойында жасаған әрекеті қайғылы жағдайға әкеп соқты
Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: ауыл тұрғындары не дейді