Қоғам

Медициналық сақтандыру қоры енді әрбір науқасқа 1,7 миллион теңгеге дейін бөледі

© Sputnik / Абзал КалиевВрач записывает данные пациента для теста на коронавирус
Врач записывает данные пациента для теста на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Медициналық сақтандыру қоры коронавирус инфекциясын емдеуге кететін шығындарды өтеу үшін әрбір пациенттің жағдайына қарай тариф белгіледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус жұқтырған әрбір науқасты емдеуге бөлінетін ақшаның сомасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Қордың басқарма төрағасы Болат Төкежановтың айтуынша, коронавирус инфекциясын анықтауға және емдеуге кететін шығындарды өтеу үшін әрбір пациенттің жағдайына қарай тариф әзірленген.  

"Осылайша, коронавирус инфекциясының жеңіл түрімен ауыратын пациентті емдеуге – 292 600 теңге, орта жағдайда – 446 100 теңге, ауыр науқастарды емдеуге 1 500 000 теңге жұмсалады. Ал өте ауыр жағдайда жатқан пациенттің ем-домы үшін қор 1 700 0000 теңге төлейді", - деді Төкежанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.  

Оның сөзіне қарағанда, жедел медициналық қызмет мамандарын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге кететін шығындар да 40 процентке артып отыр. Ал мобильді топтардың жұмысына 7,7 миллиард теңге бөлінеді.

Қазақстанда әкім пневмониядан қайтыс болды

"Жалпы, коронавирусқа қарсы күрес шараларына 56,7 миллиард теңге бөлінді. Медициналық көмек пен стационарлардағы ем үшін 13,4 миллиард теңге, қауіпті аймақтарда жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге 38,1 миллиард теңге, ПТР-диагностикаға 5,2 миллиард теңге қарастырылған", - деп атап өтті Төкежанов.    

Қор маусым айының соңында жеткізуші мекемелерге көрсетілген қызметтер мен қауіпті аймақта жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне 44 миллиард теңге төлеген. Бұл барлық соманың 70 проценттен астамын құрайды.   

Жаңалықтар
0