Әнші Әли Оқапов

"7500 теңге таратамыз": Роза Рымбаеваның ұлы желіде тараған ақпарат туралы жазды  

9338
Халық әртісінің ұлы Әли Оқапов алаяқтар тағы да анасының атын пайдаланып, халықты алдап жатқанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева халыққа 7500 теңгеден таратады деген ақпарат пайда болды. Әншінің ұлы Әли Оқапов roza_rymbaeva_komek жалған парақша екенін айтып, жұртты алданып қалмауға шақырды.

Алаяқтар Instagram желісінде әнші Роза Рымбаеваның атынан жалған парақша ашып, "Жұлдызды отбасынан көмек" челленджі басталды деп мәлімет таратқан.

Оқи отырыңыз: "Пәтер беріледі" - хат алған қазақстандықтар не істеуі керек 

Онда Рымбаевтар отбасы өтінім жіберген алғашқы 900 қазақстандыққа 7500 теңгеден тарататыны айтылған. Ақша он сағат ішінде түседі-міс.

Халық әртісінің ұлы әнші Әли Оқапов мұның жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

"Фейк! Алданбаңыздар! Өтірік!", - деп жазды өнер жұлдызы желіде.

Айтуынша, алаяқтар кезекті рет анасының атын пайдаланып, жұртты алдап жатыр.

Әнші желі қолданушыларынан @roza_rymbaeva_komek @roza_rymbaeva_darit_10milion аккаунттарына шағымдануды өтінді.

9338
Кілт сөздер:
алаяқтық, Роза Рымбаева
Тақырып бойынша
"Сіздің атыңыздан кредит алады": алаяқтардан қалай қорғану керек
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Қайрат Нұртас алаяқтардың құрбаны болды
"Ақшаларыңды қайтармаймын": Ломбард басшысы халықты қалай алдағаны белгілі болды
42 500 теңге: министрлік алаяқтар пайда болғанын мәлімдеді
Зертхана, архивтегі фото

Қанша облыс коронавирустың "қызыл" аймағында тұр

6
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары  "қызыл" аймақта қалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республикада вирус жұқтырғандар саны 3,7 есеге өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қатаң шектеу шаралары енгізіліп жатқан "қызыл" аймақта 5 өңір қалып отыр. Олар Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары. Өткен аптамен салыстырғанда үш өңір – Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары "сары" аймақтан "қызылға" өтті", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, "сары" аймақта – Алматы қаласы, ал қалған өңірлер "жасыл" зонада тұр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады – министр 

Министр қарашада қазан айымен салыстырғанда республикада вирус жұқтыру 3,7 есеге өскенін атап өтті. Бұл "қызыл" аймаққа енген 5 облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауымен байланысты.

Цойдың айтуынша, карантиндік шараларды күшейткеннің арқасында Шығыс Қазақстан облысында қарашаның екінші онкүндігінен індетке шалдығу деңгейі төмендеп келеді.

6
Кілт сөздер:
карантин, коронавирус
Тақырып бойынша
Алматыда оқушылардың коронавирусты қалай жұқтырып жатқаны белгілі болды
Пандемия басталғалы Атырау облысында бас санитар дәрігер 7 рет ауысты
Павлодар ауруханасына ескі аппарат сатқан компанияны полиция тексеріп жатыр
Облыс әкімі Тоқаевтың сынына жауап берді
коронавирус

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады министр

58
Соңғы ақпарат бойынша елде ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен 129 213 науқас тіркелді, ал ковидтік пневмонияға 41 756 адам шалдыққан

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Қазақстанда коронавируспен байланысты эпидемиологиялық жағдай ушығып барады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда коронавирус жұқтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. 27 қарашадағы жағдай бойынша ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен 129 213 науқас тіркелді, ал ковидтік пневмонияға 41 756 адам шалдықты", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, қазір республика орташа қауіпті аймақта тұр.

Коронавирустан 115 384 адам жазылып шықты, 2013 науқас қайтыс болды.

Ал ковидтік пневмониядан 30 362 пациент емделді, 439 адам көз жұмды.

58