Болат Төкежанов

Медициналық сақтандыру қорында қанша ақша бар басшылық жауап берді

376
Наурыз-маусым аралығында қор есебінен медицина мамандарына 32 миллиард теңге қосымша ақы ретінде төленді

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығы жиналған ақшаның сомасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қордың басқарма төрағасы Болат Төкежановтың айтуынша, жылдың басында қордың активтері 251 миллиард теңге болып, бірінші жартыжыдықта түскен ақшаның сомасы 260 миллиард теңгені құраған. Оның 147 миллиардын мемлекет аударса, 76 миллиард теңге жұмыс берушілерден түскен.

"Сонымен қатар, бірінші жартыжылдықта өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 37 миллиард теңге аударды. 2020 жылы 1 шілде күні медициналық сақтандыру қоры активтерінің қалдығы 361 миллиард теңгеден асты", - деді Төкежанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, биыл наурыз-маусым аралығында қордың есебінен медицина мамандарына 32 миллиард теңге қосымша ақы ретінде төленді.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру қоры енді әрбір науқасқа 1,7 миллион теңгеге дейін бөледі

Жалпы, коронавиусқа қарсы күрес шараларына 56,7 миллиард теңге бөлінді.

376
Кілт сөздер:
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, медициналық сақтандыру қоры
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (704)
Тақырып бойынша
Медициналық сақтандыру: екі жұмыс болса, жарна қалай аударылады?
Медициналық сақтандыру қорының басшылығы қанша жалақы алады?
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды
Министр медициналық сақтандыру қорының жаңа төрағасын таныстырды
Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Индустрия министрі 5 жылда Қазақстанда қанша тұрғын үй салынатынын айтты

4
(Жаңартылды 16:13 26.11.2020)
Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін атап өтті. Айтуынша, 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Министр 2020 жылдың 10 айында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың қорытындысы мен министрліктің басым бағыттары жайында есеп берді. Сондай-ақ, 2020-2025 жылдарға арналған индустриаландыру бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Кездесу барысында Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін айтты. Сонымен қатар жыл соңына дейін инвестиция көлемі 995 миллиард теңгені құрайтын 200 жоба іске асады.

"Министр жыл басынан бері "Нұрлы жол" бағдарламасының шеңберінде жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілгенін атап өтті. Еларалық жүк тасымалы да өскен. Атап айтқанда, Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал 61,6 пайызға артқан", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 14,1 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 15 миллион шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр. Ал 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады.

Оқи отырыңыз: "Әйелдер ипотекасына" қатысты тың ақпарат шықты 

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Атамқұловқа жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеу, арендалық баспана құрылысын арттыру, сондай-ақ, ведомствоның негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

4
Кілт сөздер:
баспана, тұрғындар
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй орталығы ашылды: қандай қызметтер көрсетіледі
"5-10-20" бағдарламасының төртінші кезеңі басталды: өтінішті кімдер тапсыра алады
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотека беру жүйесіне өзгеріс енгізеді
Үкімет басшысы астананың құрылыс алаңын аралады
Планшетпен отырған бала, қашықтан оқыту

Министрлік ата-аналардың чатында тараған қауіпті ойын туралы ақпаратқа түсініктеме берді

296
Ата-аналардың үрейін туғызған компьютерлік ойын туралы хабарлама ішкі істер және ақпарат министрліктеріне жолданды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Ата-аналардың чатында балаларды суицидке итермелейтін танымал компьютерлік ойын туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан білім министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпаратты бірден өкілетті органға – ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдады. Олар бұл контентті зерделеп, бұғаттау мәселесін шешеді. Сондай-ақ, контенттің қауіпсіздігін тексеру үшін "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесіне орналастырдық, - делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған қоса, шындыққа жанаспайтын хабарлама таратқандарға шара қабылдау үшін ақпарат ІІМ-ге жіберілді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жалған ақпарат таратпауды және, қажет болған жағдайда, сенім телефонына хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 74-25-28 және +7 (778) 289-81-57.

Сонымен қатар, тәулік бойғы BALA QORGAU телеграм-чатына да жүгінуге болады.

Тағы оқыңыз: Зағипа Балиева әлеуметтік желілерде қауіпті топтар пайда болғанын ескертті

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Among Us ("Біздің арамызда") ойыны туралы ақпарат пайда болды. Анонимді аудиохабарламада ойынның балаларды суицидке итермелейтіні айтылған.

Among Us – қолданушылары көп компьютерлік ойын. Оны америкалық InnerSloth компаниясы әзірлеген. Ойын 2018 жылы 15 маусымда шықты. Ғарыш кемесіне "жиналған" ойыншылар екі командаға – экипаж мүшелері және сатқындар деп бөлінеді.

2018 жылы ойын қатты танымал болмаған еді, бірақ биыл Twitch пен YouTube-тің арқасында кең таралды.

296
Кілт сөздер:
оқушылар, ата-аналар, қауіпті ойын, Білім және ғылым министрлігі