Қоғам

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем шақырту 3 есеге азайды

© Sputnik / Владислав ВодневСтанция скорой помощи в Нур-Султане
Станция скорой помощи в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлгіновтің айтуынша, егер бұрын тәулігіне ауруханаға 500-ге жуық пациент түссе, қазір 90-ға дейін қысқарған

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша жағдай тұрақталды, ауруханаларға түскен салмақ азайды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Карантин енгізілген сәттен бастап коронавирус бойынша жағдай тұрақталуы байқалады. Денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақ едәуір азайды. Атап айтқанда, жедел жәрдемге жүгіну саны тәулігіне 4 300-ден 1 600-ге дейін, яғни 3 есеге төмендеді. КВИ бойынша жедел жәрдемге жүгіну 500-ден 89-ға дейін, яғни 6 есеге азайды", – деді әкім үкімет отырысында.

Жалпы шақырулар саны тәулігіне 3 мыңнан 1000-ға дейін немесе 3 есеге төмендеген. Пневмониямен жатқан азаматтар саны 2 есеге, жансақтау бөлімдерінде жатқан науқастар саны 57%-ке дейін азайды.

Көлгіновтің айтуынша, егер бұрын тәулігіне ауруханаға 500-ге жуық пациент түссе, қазір 90-ға дейін қысқарған.

Қала басшысы инфекция жұқтырғандар санына тоқталды.

Оқи отырыңыз: Министр Қазақстанда карантин қашан жеңілдейтінін айтты

Соңғы мәлімет бойынша індетке шалдыққандар саны 10 320 адамға жеткен.  7260 адам немесе 70%-і жазылып шықты. 225 пациент қайтыс болды.

Қазір 1 511 адам стационарларда емделіп жатыр.

Жаңалықтар
0