Интернет арқылы сауда жасау

Министр кімдер салықтан босатылуы мүмкін екенін айтты

1386
Министр электронды сауданың артқанына қарамастан, әлі күнге дейін онлайн-желіге толық көшу үшін кедергілер бар екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанда онлайн саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлер корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығынан босатылуы мүмкін. Қазір бұл ұсыныс үкіметте талқыланып жатыр. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Электронды сауданы одан әрі дамыту мақсатында электронды саудадан түсетін кірістер жылдық жиынтық табыстың кемінде 40%-ін құраған жағдайда, Салық кодексіндегі жеке кәсіпкерлер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын төлеуден босату нормасы жөніндегі өзгерістерді қолдауды сұраймыз. Бизнес қоғамдастықтан осындай ұсыныс келіп жатыр. Біз бұл мәселені үкіметтің экономикалық, қаржы секторымен талқылап жатыр", – деді Сұлтанов үкімет отырысында.

Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануды ынталандыру үшін Ұлттық банкпен бірлесіп банкаралық аударымдар комиссиясын төмендету, эквайринг мәселелері, сондай-ақ жаңа банктік емес төлем жүйелерін дамыту пысықталуда.

Министр электронды сауданың артқанына қарамастан, әлі күнге дейін онлайн-желіге толық көшу үшін кедергілер бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, көлеңкелі экономика, банкаралық төлемдер, эквайринг бойынша жоғары комиссия, шағын орта кәсіпорындардың дайын еместігі және тауарларды уақытылы жеткізе алмау сияқты проблемалар.

"Электронды сауданың өсу қарқынын қолдау үшін нормативтік және техникалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру қажет", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Қаржы министрлігі кімдердің өсімпұлы кешірілетінін айтты

Қазір сауда министрлігі отандық компанияларды Алибаба, Amazon, Яндекс, Озон, Shopify сияқты халықаралық онлайн сауда алаңдарына шығару мәселесін пысықтап жатыр.

1386
Кілт сөздер:
салық төлеуші, салық
Тақырып бойынша
Елімізде мобильдік қосымша көмегімен салық төлеу жеңілдейді
ЕАЭО-да интернет-сауда ережесі ортақ болуы мүмкін 
Байланыс операторлары интернет неге баяу істеп тұрғанын түсіндірді
Отандық бизнес жыл соңына дейін салық тексерісінен босатылды
Пандемия білім алуға кедергі емес: қазақстандықтар интернет арқылы оқуға түсе алады
Нұрсұлтан Назарбаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Елбасы Юрий Пяға қолдау көрсетуге уәде берді

42
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. "Назарбаев Университет" дербес білім беру ұйымы Жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.

"Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз", – деді Елбасы.

42
Кілт сөздер:
Назарбаев, медицина
Тақырып бойынша
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
Елбасы үш кездесу өткізді: ұлттық қауіпсіздік мәселесі сөз болды  
Назарбаев қазақ тіліне қатысты тапсырма берді
Қазақстандағы оппозициялық партия қайсы – ҚКХП өкілі жауап берді
Назарбаев праймеризге қатысты тапсырма берді
Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсіп жатыр – Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесін өткізді

"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады Назарбаев

390
(Жаңартылды 19:41 24.11.2020)
Қазақстан тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында күрделі жағдайларды айналып өте білді, деп атап өтті Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясының саяси кеңесі бюросының отырысы өтті, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Жиында Назарбаев соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті.

"Пандемияға және соған байланысты әлемдік экономиканың 4,4 процентке, кейбір дамыған елдерде 10 процентке құлдырағанына қарамастан, біз тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында мұндай күрделі жағдайларды айналып өте білдік", – деді партия төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш президенті соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті 

"Біз алғаш рет праймериз өткіздік. Соның нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейіндегі іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен Съезге ұсынылып отыр. Бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдаймыз. Халықтың қатысуымен 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жан-жақты талқыланып, қабылданды. Онда жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен онда жеңіске жеткен азаматтарға тоқталды.

"Праймеризге қатысушылардың үштен бір бөлігі және партиялық тізімге енген әрбір бесінші адам – жастар өкілі. Партиялық тізімнің 30 процентін  әйелдер құрайды. Сонымен бірге партия тізімдерінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, бизнес өкілдері, жұмысшылар мен қызметкерлер бар", – деп толықтырды ол.

Қазақстанның Тұңғыш президенті праймеризге қатысқан партияның әрбір үшінші жаңа мүшесі жеңіске жеткенін атап өтті.

"Осылайша, біз "Nur Otan" партиясының жұмысын жүйелі түрде қайта жандандыруды аяқтадық", – деп түйіндеді партия төрағасы.

Бюро мен саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім "Nur Otan" партиясының ХХ съезіне ұсынылады.

390
Кілт сөздер:
Назарбаев, сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
"Ауыл" партиясы ОСК-ге мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды
Қазақстанда тағы бір партия атауын өзгертті
Косарев жаңа жылдан кейін депутат болмайтынын айтты
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады