Оқушылар, мектеп

Білім министрлігі карантинге байланысты қандай өзгеріс болғанын хабарлады

8991
(Жаңартылды 13:30 31.07.2020)
Құжат тапсыру бойынша қазірге дейін 350 мыңға жуық өтініш түсті. Оның басым көпшілігі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылданды

АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. 1-сыныпқа құжат қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

"Елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады", - делінген министрлік ақпаратында.

Айта кетсек, Қазақстанда қатаң карантин шаралары 17 тамызға дейін жалғасады. 

Құжат тапсыру бойынша қазірге дейін 350 мыңға жуық өтініш түсті. Оның басым көпшілігі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылданды. 

"Медициналық анықтамаларды алудағы қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады", - деді ведомство.

Сонымен қатар министрлік білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылатынын айтты. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары жазбаша түрде осындай өтініш жасаған.

8991
Кілт сөздер:
мектеп, 1-сынып, білім және ғылым министрлігі
Тақырып бойынша
Жылап тұрып көмек сұраған қостанайлық мұғалімнің бұрынғы күйеуі видео жариялады
Қостанайлық мұғалім жылап тұрып видео жариялады - министрлік жауабы
Атырау облысында емтихан кезінде оқушы қыздың анасы қайтыс болды
Әкімдік желіде тарап кеткен ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
"Президент, далаға шығуға бола ма?": қостанайлық бала карантиннен шаршады  
Индонезиядағы жер сілкінісі

Мемлекет басшысы Индонезия президентіне көңіл айтты

9
(Жаңартылды 19:49 15.01.2021)
Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет жерасты дүмпуі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Индонезиядағы жер сілкінісі

Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет 5,7 және 6,2 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті.

Жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.

Билік 15 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

9
Тақырып бойынша
Тоқаев парламент отырысында қандай уәде берді – толық ақпарат
"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты
Президент мәжіліске өтпеген саяси күштер туралы пікір білдірді
Бірнеше депутат премьер-министр кандидатурасын қолдамады – Тоқаев не деді
Ауылға баратын әрбір жол толығымен жөнделеді – Тоқаев
Құс пен қыс

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

254
Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктен секундына 15-20 м/с жел соғады

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 2021 жылдың 16-18 қаңтарында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Сенбі, жексенбі күндері республиканың батысы мен солтүстігінде Жерорта теңізі циклонының әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.

Кей жерлерде жауын-шашын түседі, батыста қар мен жаңбыр араласып, солтүстікте қар жауады.

Сондай-ақ кей жерлерде жел күшейіп, боран соғады, ауа температурасы көтеріледі. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда түнде минус 13-15 градус, күндіз 4-6 градус аяз болады.

Алматыда түнде минус 8-10, күндіз плюс 5-7 градус.

Шымкентте түнде плюс 1-3, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Дабылды ескерту жарияланды

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады.

"Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 18 метр жылдамдықпен жел соғады. Мұғалжар ауданында түнде желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді", – делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с, күндіз екпіні секундына 25 м/с жетеді.

16 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Петропавлда түнде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

254
Кілт сөздер:
табиғат, ауа райы