Қоғам

Қазақстанның 9 облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСолнце, жара
Солнце, жара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Ақмола, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады деп болжап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Қазгидромет Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жариялады.

6 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды деп болжануда. Күндіз оңтүстік бөлігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында түнде жаңбыр, найзағай ойнайды.

"6 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыс желі кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Күндіз оңтүстік бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады деп болжанып отыр. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады", - делінген хабарламада.

6 тамызда күндіз Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

6 тамызда күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40 градус аптап ыстық болады. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да күндіз 40 градус ыстық болады деп болжануда.

6 тамызда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өрт қаупі жоғары болады.

6-8 тамызда Алматы облысында күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Талдықорғанда 6-8 тамызда күн 35 градусқа дейін ысиды.

"6 тамызда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады", - дейді синоптиктер.

7-8 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. 6-8 тамызда күндіз басым бөлігінде 39 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 6-8 тамызда  39°С аптап ыстық  болады.

6-7 тамызда Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. 6-7 тамызда күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 6 тамызда күндіз жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 18 м/с. Жезқазған қаласында 6 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, найзағай ойнайды деп болжанып отыр.

Жаңалықтар
0