Қоғам

Зейнеткермен ер адам ретінде танысқан елорда тұрғыны әйел болып шықты

© Sputnik / Абзал КалиевУлицы Нур-Султана после снятия режима ЧП
Улицы Нур-Султана после снятия режима ЧП - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел өтіп бара жатқан адамдармен ер адам ретінде танысып, қоңырау шалу үшін олардың телефонын сұрап алып, оқиға орнынан жасырынып отырған

АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда өзін ер адам ретінде таныстырып, зейнеткерді алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

Полицияның жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғыны ұсталды.  

"Әйел өтіп бара жатқан адамдармен ер адам ретінде танысып, қоңырау шалу үшін олардың телефонын сұрап алып, оқиға орнынан жасырынып отырған. Ол үшін әйел өзінің ер адамға ұқсайтын келбетін пайдаланған. Ал ұрланған телефондарды кездейсоқ адамдарға нарықтағы бағасынан төмен сатып жіберген", - делінген ақпаратта.  

Осылайша, 25 шілде күні күдікті сауда үйінің жанында егде жастағы әйелге келіп, шұғыл қоңырау шалу үшін телефонын сұраған. Телефон қолына тиген соң, байланыс құралын алып белгісіз бағытқа бой тасалаған. Зейнеткер ұрлықтан келген шығынды 30 мың теңге деп бағалады.

Оқи отырыңыз: Қызылордада "таксистерді" ерекше әдіспен алдаған алаяқ қоғамдық резонанс туғызды 

Қазір күдіктіге қатысты төрт алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның осындай басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі", -деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар құқық қорғаушылар күдіктінің әрекетінен зардап шеккен азаматтардан Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне хабарласуды сұрады.  

Жаңалықтар
0