Қоғам

Алматыда тағы бір модульді аурухана салынып жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинПалаты для лечения больных коронавирусом
Палаты для лечения больных коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа аурухана 10-15 қыркүйекте пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Біріншісі сәуір айында 18 күнде салынған еді

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Алматыда екінші модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Бұл туралы мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев хабарлады.

"COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралары аясында төсек санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды", - деп жазды Сағынтаев Instagram парақшасында.

Мекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамтамасыз етіледі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Сонымен қатар госпиталь толығымен цифрлық негізде болады. Яғни, тексеру байланыссыз әдіспен, ал бақылау – видеобайланыс арқылы жүргізіледі.

Айтуынша, автоматтандырылған жүйе науқастың жағдайын жедел бақылауға, сондай-ақ "жасыл" және "қызыл" аймақтар бойынша қызметкерлердің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Алматы әкімі жаңа аурухана шамамен 10-15 қыркүйекте пайдалануға берілетінін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, бұл – Алматыдағы екінші модульді аурухана. Біріншісі 2020 жылдың сәуір айында 18 күнде салынды. Ол жерде коронавируспен ауыратын науқастар емделіп жатыр.

Жаңалықтар
0