Қоғам

Білім министрлігі шетелде оқитын студенттерге арнайы жеңілдік ұсынды

© Sputnik / Абзал КалиевСтарт ЕНТ 2019
Старт ЕНТ 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық оқу орнына ауысу үшін студенттер университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгінуі қажет

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі шетелде оқитын студенттерге еліміздегі жоғары оқу орындарына ауысу бойынша көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирус инфекциясына байланысты жоғары оқу орындарына оралу мәселесіне тап болған қазақстандық студенттерге көмек көрсете бастады.

"Шетелдік жоғары оқу орындарының көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда, кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын", - делінген министрлік ақпаратында.

Осыған байланысты құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Қазақстандық оқу орнына ауысу үшін студент университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгінуі қажет. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады.

Оқи отырыңыз: Ресейде оқитын студент коронавирус жұқтырып, Қазақстанға келген

Студенттер 8 7172 74-16-24 нөміріне дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.30-дан 18.30-ға дейін хабарласып кеңес ала алады.

Жаңалықтар
0