Қоғам

Білім грантына қатысты жағымды жаңалық жарияланды

© Photo : Минобразования РКЕНТ-2020
ЕНТ-2020 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Конкурсқа құжат тапсырған кезде талапкер 4 жоғары оқу орнын және 4 білім бағдарламасын таңдай алады. Бірақ олар бір облыста болуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Әкімдік гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімі 18 тамызға дейін ұзартылды.

"Жергілікті атқарушы органның гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімі 18 тамызға дейін ұзартылды. Егер жалпы грант бойынша түспеген болсаңыз, онда бұл мүмкіндікті өткізіп алмаңыз", - деп жазылған Ұлттық тестілеу орталығының Instagram парақшасында.

2020-2021 оқу жылына  2 540 әкімдік гранты бөлінгені айтылып отыр. Құжат қабылдау 5-18 тамыз аралығында өтеді. Құжаттар ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясына тапсырылады.

Конкурсқа құжат тапсырған кезде талапкер 4 жоғары оқу орнын және 4 білім бағдарламасын таңдай алады. Бірақ олар бір облыста болуы керек.

Грант ұтып алған жағдайда оқу аяқталған соң, дәл сол аймақта жұмыс істеу керек. Қосымша ақпаратты әкімдіктердің ресми сайтынан алуға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ұлттық тестілеу орталығы (@testcenterkz)

Биыл 80 мыңнан астам адам мемлекеттік білім грантын алуға үміткер болды. Оның ішінде 53 мың (51 164 грант + медицина мамандығына 2700) қазақстандық талапкер бакалавриат деңгейінде мемлекет есебінен тегін оқуға мүмкіндік алды.

2020-2021 оқу жылында "Ақпараттық технологиялар" мамандығына ең көп грант бөлінді – 2 468. Бүгінгі таңда болашақ IT мамандары еліміздің 49 жоғары оқу орнында білім алып жатыр.

Магистратураға 13 300 грант, докторантураға 2 355 білім гранты бөлінді.

2020 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған болатын.

Жаңалықтар
0