Қоғам

Назарбаев карантин шараларының жеңілдеуіне қатысты пікір білдірді

© Photo : сайт первого президентаНурсултан Назарбаев провел встречу с Асетом Исекешевым
Нурсултан Назарбаев провел встречу с Асетом Исекешевым - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Назарбаевқа кеңестің ықтимал қауіп-қатерлерді талдау және алдын алу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар туралы баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қауіпсіздіктің ахуалына бақылау жүргізудің, пандемия жағдайында заңдылықты сақтау мен тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.

Елбасы карантиннің жеңілдеуіне байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

"Бүгіннен бастап карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылданды. Алайда, адамдар жауапкершілікті толық сезінуі қажет. Әр адам өз денсаулығын сақтау керек", – деді Назарбаев.

Өз кезегінде Әсет Исекешев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының ықтимал қауіп-қатерлерді талдау және алдын алу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады. Оның айтуынша, қауіп-қатерлерге талдау тұрақты түрде жүргізіледі. Әр сала бойынша мониторинг жасалып, оларды шешу үшін шаралар ұсынылады.

"Қазіргі негізгі мәселе – коронавирус пандемиясы. Қауіпсіздік кеңесінің аппараты кеңестің шешімдерін ескере отырып, жағдайға бақылау жүргізеді, бірқатар мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізеді. Ал қылмыстық ахуалға келер болсақ, жалпы республика бойынша қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 34 пайызға азайған. Жағдай бақылауда. Бірқатар салаларда қылмыстың төмендеу қарқыны байқалап отыр", – деді Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

Оқи отырыңыз: "Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады": Назарбаев маңызды жоба туралы айтты

Жаңалықтар
0