Қоғам

Қазақстанда қанша армян көлігі тіркеуге қойылды – ІІМ мәлімет берді

© SputnikОбразец госномера, который будет присваиваться временно зарегистрированным авто
Образец госномера, который будет присваиваться временно зарегистрированным авто - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрінің кеңесшісі Арменияда қазақстандықтардың атына 22 мыңнан астам көлік жазылғанымен, 14 мың көлік Қазақстанда тіркеуге жататынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі осы уақытқа дейін тіркелген армян көліктерінің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтің айтуынша, Арменияда қазақстандықтардың атына 22 мыңнан астам көлік тіркелген болатын. Осы уақытқа дейін үкіметтің арнайы қаулысы аясында Қазақстанда 11 мыңға жуық көлік тіркеуге тұрды.

"Бұл жерде ескере кететін бір жағдай кейбір көліктердің рөлі оң жақта орналасқандықтан, тіркеуге келмейді. Сондықтан да, осы санаттағы кейбір көліктер тіркелген жеріне кері қайтты. Басқа елге көшіп кеткендер де бар. Жол апатына түскендер де кездеседі. Олар көлікті жөндемеуге шешім қабылдаған. Демек, тіркеуге қойылмайды", – деді Түсіпов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ал ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораздың сөзіне қарағанда, Арменияда қазақстандықтардың атына 22 мыңнан астам көлік жазылғанымен, оның ішінде 14 мың көлік Қазақстанда тіркеуге жатады.

"Бүгінге дейін 11 мыңға жуығы тіркелді. Енді, қалған он күннің ішінде барлығы тіркеледі деген сенімдеміз", – деп атап көрсетті Ораз.

Оқи отырыңыз: "Уақыт өте аз қалды": министрлік армян көліктерінің жүргізушілеріне үндеу жасады

Айта кетейік, Қазақстанда Армениядан келген көліктерді тіркеуге қоюға рұқсат берді. Осыған орай, үкіметтің арнайы қаулысы да шықты. Ондай көліктерге сары нөмір беріледі.

Жаңалықтар
0