Қоғам

Нұр-Сұлтаннан екі қалаға жолаушылар пойызы қайта жүреді

© Sputnik / Тимур БатыршинПассажирский поезд
Пассажирский поезд - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалпына келтірілген бағыттар бойынша ең жақын уақыттағы рейстер 25 тамызға жоспарланған. Билеттер сатылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстанда кейбір жолаушылар пойызы қайта іке қосылады,  деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

№ 4/3 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-2" бағытындағы жолаушылар пойызы қозғалысы қалпына келтіріледі (Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан жөнелтілуі – 2020 жылдың 25, 27, 29 тамызы және 1, 3, 5, 7, 9, 11 қыркүйегі, Алматыдан келуі/жөнелтілуі – 2020 жылдың 26, 28, 30 тамызы және 2, 4, 6, 8, 10, 12 қыркүйегі, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолға келуі – 2020 жылдың 27, 29, 31 тамызы және 3, 5, 7, 9, 11, 13 қыркүйегі).

Сонымен қатар, № 68/67 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Өскемен-1" бағытындағы жолаушылар пойызының қосымша рейстері тағайындалды (Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан жөнелтілуі – 2020 жылдың 26, 30 тамызы және 3, 7, 11 қыркүйегі, Өскеменнен келуі/жөнелтілуі 2020 жылдың 27, 31 тамызы және 4, 8, 12 қыркүйегі, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолға келуі – 2020 жылдың 28 тамызы және 1, 5, 9, 13 қыркүйегі).

Оқи отырыңыз: Бас санитар дәрігер қандай жағдайда Қазақстан қатаң карантинге оралатынын айтты 

Пойыздардың кестесі туралы барлық ақпаратты "105" анықтамалық телефоны арқылы алуға болады (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін).

Еске сала кетейік, Қазақстанда карантин енгізілуіне байланысты 31 шілдеде бірнеше жолаушылар пойызы тоқтатылған болатын.

Жаңалықтар
0