Қоғам

Байқоңырда көпбалалы ана сотталды

© Sputnik / Anar MustafayevКісен тағылған қыз, архивтегі сурет
Кісен тағылған қыз, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот көпбалалы әйелді алты жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Байқоңырда есірткі саудасымен айналысқан 43 жастағы көпбалалы анаға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Байқоңыр қаласының 1977 жылғы тұрғыны, көпбалалы ана қылмыс үстінде ұсталды. Ол қала аумағында есірткі сатумен айналысқан", - делінген қала прокуратурасының хабарламасында.

Жедел іздестіру шаралары барысында әйелдің ірі көлемде "кептірілген марихуана" сатқаны анықталды.

Прокуратура қызметкерлері әйелдің есірткі шеккен күйде ұсталғанын атап өтті.

"Қылмыстық істі тергеу барасында ол өз кінәсін толығымен мойындады", - деп нақтылады прокуратурадан.

Тағы оқыңыз: Қызылордада полицейлер есірткі диллерлерін тікұшақпен қуып жүріп ұстады – видео

Кінәсін мойындағанына және кішкентай төрт баласының барына қарамастан, сот әйелді алты жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді.

"Сотталушының кәмелетке толмаған балалары Байқоңыр қаласының білім басқармасының қамқорлығына берілді", - деді прокуратурадағылар.

Жаңалықтар
0