Қоғам

Мамандар қандай өнімдерді шикідей жеуге болмайтынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевПосетители закупаются продуктами перед "карантинными выходными" в торговой сети
Посетители закупаются продуктами перед карантинными выходными в торговой сети - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейбір өнімдерді жасанды тәсілмен өсіріп, антибиотиктермен тамақтандырып, суларына пестицид пен фунгицид қосылатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз - Sputnik. Мамандар шикі күйінде жеуге болмайтын өнімдерді атады. 

Ең алдымен, термиялық өңдеуден өтпеген дүкеннің шұжық өнімдерін жеуге болмайды. Оларда листерия, яғни ас қорыту жүйесінің жұмысын бұзатын бактерия болады. Улану қаупі бар.

Екінші орында - бұршақ. Оның құрамында зиянды токсиндік заттар болады. Әсіресе, қызыл бұршақтың дайындалу сапасына мән беру керек. Өйткені қызыл бұршақ тиісті деңгейде піскенде ғана қауіпсіз болады, деп хабарлайды Sabah. 

Сондай-ақ, мамандар шикі асшаяндарды жеген кезде де мұқият болу керектігін ескертеді. Себебі оларды жасанды тәсілмен өсіріп, антибиотиктермен тамақтандырып, суларына пестицид пен фунгицид қосады. Бұдан бөлек, хлор сынды химиялық қоспалар көп қолданылады.

Тағы оқыңыз: Сүтті шайдың ешкім күтпеген зияны анықталды

Басылымның мәліметіне сәйкес, бадам, саңырауқұлақ және рауғашты да шикідей жемеген жөн.

Жаңалықтар
0