Қоғам

Әлемнің үздік елдері анықталды: Қазақстан нешінші орында

© REUTERS / Shamil ZhumatovАстана, Бәйтерек
Астана, Бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан үздік елдер рейтингінде екі сатыға жоғары көтеріліп, Гватемала мен Гананың арасына жайғасты

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Қазақстан әлемнің үздік елдері рейтингінде екі сатыға көтеріліп, 66-орын алды, деп хабарлайды ranking.kz.

US News & World Report жыл сайынғы үздік елдер рейтингін жариялады.

Рейтинг тоғыз көрсеткіш негізінде жасалды:

  • кәсіпкерлікті дамыту;
  • туристер арасында танымалдылық;
  • өз азаматтарына қарым-қатынасы (адам құқығын қорғау, экология және гендерлік теңдік);
  • мәдени ықпал;
  • тарихи мұра;
  • даму әлеуеті;
  • бизнеске ашықтығы;
  • әскери қуат;
  • өмір сапасы.

Қазақстан бұл тізімде екі сатыға көтеріліп, Гватемала (65-орын) мен Гананың (67-орын) арасына орналасып, 66-орын иеленді.

Көрші Ресей 23-орын алса, Әзербайжан – 61-орында.

Қазақстан тоғыз көрсеткіштің жетеуі бойынша өз жағдайын жақсартқан. Елдің үздік позициялары: әскери қуат, даму әлеуеті және бизнеске ашықтығы. Ал нашар көрсеткіштері: мәдени ықпал, кәсіпкерлікті дамыту, туристер арасында танымалдылығы, өз азаматтарына қарым-қатынасы және тарихи мұра.

Басылым мәліметінше, биыл әлемнің ең үздік мемлекеті – Швейцария. Одан кейін Канада, Жапония, Германия және Австралия жайғасқан. Үздік ондыққа Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Нидерланды мен Норвегия кірді.

Жаңалықтар
0